Ағымдағы жылдың қараша айында Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының жоспарына сәйкес білім беру ұйымдарында АИТВ-инфекциясының алдын алу мақсатында тренингтер ұйымдастырылуда.
15 қараша күні Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясының мәжіліс залында облыстық ЖИТС орталығының мамандары дәрігер эпидемиолог И.Досымова және эпидемиолог көмекшісі Б.Салменбаева “Адам құқықтары жолында – дұрыс жолды таңдаңыз!” атты тақырыпта оқушыларға тренинг өткізді.
Іс-шара барысында мамандар АИТВ – инфекциясынан қорғану шаралары мен берілу жолдары, стигма, АИТВ позитивті адамдарға қатысты кемсітушілікке жол бермеу туралы дәріс оқыды, оқушыларға бүктемелер таратты.
Жалпы іс-шараға 95 оқушы қатысты.