Жамбыл облыстық Ш.Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасында тренинг өтті.
Іс-шара барысында ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері И.Досымова «ALEM» кәсіби білім беру колледжінің медбике факультетінің 3 курс білімгерлеріне қатерлі дерттен сақтану жолы жайлы түсіндірме айтып, ақпараттық-насихаттық жұмыстарымен таныстырды. Сонымен қатар студенттерге АИТВ – инфекциясынан қорғану шаралары мен берілу жолдары, стигма, АИТВ позитивті адамдарға қатысты кемсітушілікке жол бермеу туралы дәріс оқыды.
Соңында білімгерлерге ақпараттық кітапшалар таратылып, ерікті түрде білімгерлерден тез дайын болатын ВИЧ сынама тест алынды.