№62 орта мектебінде дәріс өтті.
ЖИТС орталығының мамандары Бегманова Мереке Сәбитовна және Салпыкова Гулжан Жетпісбаевна “Адам құқықтары жолында – дұрыс жолды таңдаңыз” атты тақырыпта №62 орта мектеп оқушыларына дәріс оқыды.
Іс-шара барысында мамандар АИТВ – инфекциясынан қорғану шаралары мен берілу жолдары, стигма, АИТВ позитивті адамдарға қатысты кемсітушілікке жол бермеу туралы дәріс оқыды.
Жалпы іс-шараға 115 оқушы қатысты.