Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зяткерлік мектебінде “АИТВ- инфекциясының алдын алу” тақырыбында дәріс өтті.
Дәріс барысында облыстық ЖИТС орталығының мамандары Г.Ж.Салпыкова және М.С.Бегманова оқушыларға АИТВ-ның берілу жолдары және ілеспе алдын алу шаралары жайлы хабардар етті. Сонымен қатар оқушыларға «Стигма мен кемсітушілік» туралы толық ақпарат берді.
Жалпы іс-шараға 132 оқушы қатысты.