Тараз қалалық білім бөлімінің №4 орта мектебінде, оқушылар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, АИТВ-ның алдын алу, жасөспірімдер арасында жауапты мінез-құлық қалыптастыру мақсатында кездесу өткізілді.
Кездесу барысында ЖИТС-тің алдын-алу оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығының мамандары Г. Салпыкова және Э.Ибрагимова АИТВ инфекциясының алдын-алуда пәрменді іс-қимыл жасау, сонымен қатар жұқтырылған ауруды емдеуге қарағанда, АИТВ/ЖИТС-ты жұқтырудан сақтану анағұрлым пайдалы және тиімді екенін айтты. Сондай-ақ “АИТВ/ЖИТС- деген не?, АИТВ – қайдан шықты?, Қандай жолдармен беріледі?” деген сұрақтарға тоқталып, қажетті ақпараттар берілді.
Іс-шара соңында мамандар қатысушылармен пікір алмасып, қойылған сұрақтарына жауап берді, көрнекі құралдар, парақшалар таратты.