Күрделі эпидемиологиялық коронавирустық инфекция бойынша жағдайлар бойынша, пандемия бүкіл әлемді жаулап алғанда көптеген медициналық қызметкерлер апаттық жағдайда жұмыс істеп жүргені барлығына мәлім. Инфекциялық, карантиндік және провизорлық ауруханаларға басқа емдеу-профилактикалық ұйым персоналы дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлер тартылды. Олардың еңбегі назарсыз қалмағаны қуантады.
Ифекциялық госпитальдағы қажырлы және жанкешті жұмысы үшін Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының инфекционист-дәрігері Байдаулетова Гүлнар Тортайқызы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Облыстық ЖИТС орталығының ұжымы дәрігерді шын жүректен құттықтайды !