2020 жылдың 17 қыркүйегінде Жамбыл облыстық балалар ауруханасында Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мамандары АИТВ-инфекциясын эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің эпидемиологы Г.Т.Ахметова, емдеу-алдын алу бөлімінің инфекционист дәрігері Г.Т.Байдәулетова аурухананың медицина қызметкерлері үшін онлайн семинар өткізді. Семинардың мақсаты: қатысушыларды Қазақстан Республикасында және Жамбыл облысында №4-есеп беру нысанына және АИТВ-инфекциясының жанасудан кейінгі алдын алу әрекеттеріне сәйкес, АИТВ-инфекциясының таралу деңгейімен, АИТВ-инфекциясы бойынша жаңа нормативтік-құқықтық базасымен, 2019 жылмен салыстырғанда 2020 жылдың 8 айында Жамбыл облыстық балалар ауруханасы бойынша АИТВ-инфекциясына тестілеу нәтижелерімен таныстыру. Облыстық балалар ауруханасының 65 медициналық қызметкері онлайн семинардың тыңдарманы болды.