Тараз қаласының көпбейінді қалалық ауруханасына жоспарлы мониторингтік сапар болды. Дәрігер эпидемиолог Гүлжан Алдабергенқызы Калметова медицина қызметкерлері арасында биоматериалды алу бойынша семинар өткізді. Семинардың мақсаты: семинарға қатысушыларға қазіргі кезеңде АИТВ-инфекциясы/ЖИТС бойынша статистикалық деректерді, АИТВ/инфекциясының берілу жолдарын, АИТВ-инфекциясын кәсіптік жұқтырудың алдын алуды жеткізу. Медициналық қызметкерлерге АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша сауалнама жүргізу.
Қамтылған медицина қызметкерлерінің саны – 84 дәрігер.