2022 жылдың 23 ақпан күні ЖИТС орталығының қызметкерлері оның ішінде Досымова Индира эпидемиолог дәрігер және психолог Бекманова Мереке Жамбыл облысы, Байзақ ауданының №6 жалпы орта мектеп оқушыларына АИТВ/ЖИТС және нашақорлық туралы ақпаратты бере отырып, салауатты өмір салтын ұстану бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, АИТВ-мен өмір сүруші адамның құқықтарын құрметтеу мақсатында тәрбие жұмыстарын өткізді. Оқушылар іс-шара барысында АИТВ/ЖИТС алдын-алуы туралы шынайы ақпарат ала отырып, физиологиялық және әлеуметтік тұрғыдан бей-берекет жыныстық қатынасқа түсетін және есірткі мен психоактивті заттарды қолданатын жастарды күтіп тұрған қиындықтар жайлы сұрақтарды талқылап, тұжырым жасады. Жиынға мектептің құқықтық тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Ханшайым Нұрбаева сонымен қатар он беске жуық ата-аналармен оқушылар қатысты. оқушылар қатысты.