АИТВ және жүктілік

АИТВ инфекциясын жұқтырған әйелден балаға АИТВ-инфекциясының берілуінің алдын алу жөніндегі ic-шаралар жиынтығы жүктілік кезінде, босануда немесе емізуде «Анадан балаға берілудің алдын алу» (АББА) терминімен белгіленген. АББА негізгі мақсаты – әрі қарай араласушылықты қосу үшін әйелдердің АИТВ жағдайын анықтау. Сондықтан, барлық жүкті әйелдерге АИТВ-ға уақытылы тексерілуге кеңес беріледі. Қолданыстағы ережеге сәйкес жүкті әйелдер тіркеуге тұрар алдында және жүктіліктің 28-30 аптасында АИТВ-ға тексеріледі (2 еселік зерттеу). Босандыру үйіне АИТВ-инфекциясына 2 реттік тексерусіз түскен жүкті әйел немесе 1 тексеруден өткендігіне 3 аптадан асып кеткен болса немесе босануға алмастыру картасынсыз келген болса, жедел-тестілеуді алдын ала қою арқылы АИТВ-ға тексерілуден өтеді. Жүктілікті тоқтатудың алдында АИТВ-ға тестілеуден өтуді жүзеге асырылу тиіс.

Жүкті әйелдерге АИТВ-ға кеңес беру және тестілеуден өткізу балаларда АИТВ-инфекциясының алдын алу үшін өмірлік маңызы бар рәсім болып табылады. Сонымен қатар, болашақ баланың әкесінің АИТВ жағдайын белгілеу болашақта ана мен баланың денсаулығын сақтауда басты рөл атқарады, сондықтан медицина қызметкерлері жүкті әйел мен оның жыныстық серіктесі ретінде АИТВ-ға тест тапсыруды ұсынады.

Алдын алу шараларынсыз және баланы емізу кезінде АИТВ-ның анадан балаға берілу қауіпі 35%-ды құрайды. АББА алдын алу бағдарламаларын енгізу баланы емізу арқылы тамақтандыру кезіндегі берілу қауіпін 5% дейін төмендетеді және жасанды тамақтандырудағы қауіпті 2%-ға дейін төмендеуіне мүмкіндік береді.

Сонымен адамның иммун тапшылығы вирусы жүктілік кезінде, босану немесе емізу кезінде анадан балаға берілетін болады. Жүктілік пен босану кезінде уақытылы болған ем-шаралар 1-4% -ға дейін қауіпті төмендету мүмкін. Өкінішке орай, вирустың балаға берілуі ықтималдығын жоққа шығаруға болмайды.

Көптеген әйелдер жүктілікті және босануды өзінің көңіл-күйі мен АИТВ инфекциясының дамуына әсер етеді деп ойлайды. Бақытқа орай, барлық зерттеулер баланың туылуы АИТВ-сы оң нәтижелі әйелдердің денсаулығына зиян емес екендігін көрсетті. Егер әйелдің иммундық жағдайы 200мл/жасушадан төмен болса, онда ол ЖИТС кезеңі болып табылады.

Жүктілік пен босану кезінде вирустың берілуінің алдын алу үшін бір немесе үш антиретровирустық препараттардан тұратын арнайы профилактикалық курсын тағайындайды. Жүктілік кезінде оларды 14-ші аптадан бастап қабылдау керек. Бұл дәрі-дәрмектер жүктілік кезінде және нәресте үшін қауіпсіз болып табылады, балаға зияны болмайды. Алайда, кейбір АРВ- препараттарды жүктілік кезінде қабылдауға болмайды. Сондықтан, егер сізге терапия тағайындалса, сіз жүктілікті жоспарлауды және жүктілік кезінде ем қабылдауды дәрігермен талқылаңыз. АИТВ-сы бар әйелдердің бала босануының оңтайлы әдісі туралы мағыналы пікірі болмайды. Кейбірі қауіпті азайту үшін баланы іштен жарып алу тәсілін ұсынады. Алайда, бұл құрсақ операциясы әйел денсаулығына қауіпті қан кету және операциядан кейінгі инфекциялардың жұғуына алып келуі мүмкін. Сондықтан әйелде жоғары вирустық ауыртпалық болмаса және баланы іштен жарып алуға басқа белгілері болмаса дәрігерлер көпшілігі табиғи жолмен босануды ұсынады. Есірткі қабылдау, алкоголь және темекі тарту балаға АИТВ-ны жұқтыру қауіпін арттырады, олардан аулақ болған жөн. Егер сіз жүктілікті жоспарласаңыз, онда сіз есірткілік немесе никотинге тәуелдiлiктен құтылу үшін көмек іздеу қажет болуы мүмкін. Жүктілік кезінде дұрыс тамақтану баланың АИТВ-ның оң нәтижелі болып туылу ықтималдығын азайтады. Күйзелісті мүмкіндігінше болдырмау керек, көп дем алу керек. Кейбір витаминдер баланың дамуы үшін пайдалы болып қана қоймай, сонымен қатар баланы АИТВ-дан да қорғайды. Тек ол дәрумендерді дәрігердің тағайындауы тиіс екендігін есте сақтау қажет. Емізу кезінде балаға АИТВ-ның берілу ықтималдығы шамамен 14% құрайды, сондықтан емізу ұсынылмайды. Осылайша, уақыт өткен сайын емізу тұрақты емізуден де қауіптірек болуы мүмкін. Жасанды тамақтандыру нәрестені барлық қажетті заттектермен қамтамасыз ете алады. Көптеген АИТВ-оң аналарда С гепатиті де бар. Босану және жүктілік кезінде балаға С гепатитінің берілуі аз, бірақ егер баланың анасында АИТВ болса, онда берілуі жоғары болып табылады. Жалпы алғанда, сарапшылардың бағалауы бойынша бұл қауіп 10%-дан аспайды. Көбіне С гепатитінің берілуі босану кезінде болады, жоспарлы іштен жарып алу оны біршама төмендетуі мүмкін.

Балалар анасының антиденелерімен туылады, егер анасында АИТВ нәтижесі оң болса, онда балада вирус болмаса да бала оң нәтижемен туылады. Егер балада АИТВ болмаса, біршама уақыт өткеннен кейін антиденелер жоғалады. Әдетте, бұл жағдай 12 айдан 18 айға дейін орын алады. Антиденелерді емес вирусты анықтайтын ПТР-тестілер бар. Босанғаннан 4 апта өткен соң ПТР 90% нақты болып табылады, ал 6 ай шамасы кезінде – 99% нақты анықталады. Балада вирустың бар не жоқ екендігі біраз уақыт белгісіз болып тұрады. Тұрақты түрде баланы АИТВ-ға тестілеуден өткізіп, мүмкіндігінше баланың денсаулығына мұқият қарау үшін дәрігермен кеңесіп отыру керек. Көп жағдайларда, баланың диагнозы соңында алынып тасталынады. Егер балада АИТВ анықталатын болса, оның ерте жастан бастап-ақ ауыр сырқаттармен науқастану қаупі бар. Кішкентай балалар мен ересектерді емдейтін антиретровирусты препараттармен, тіпті сәбилерді де емдеуге болады. АИТВ –сы бар баланың денсаулығына өте мұқият, ұқыпты болу керек: дәрі-дәрмекті уақтылы беріп, инфекциялардың алдын алумен қатар пайдалы ас ішуін бақылау керек. Алайда, емдеудің қазіргі заманғы әдістерінің арқасында АИТВ-мен туылған көптеген балалар ересек болып, қазірде өздері АИТВ-теріс нәтижелі балалардың ата-аналары болып отыр. Ата-ана болу үлкен жауапкершілік – АИТВ ата-аналарды алаңдауын тудыратын тағы бір себеп. Ата-ана ретінде сізге өзіңіздің демалысыңызды жоспарлау керек және өзіңіздің балаға байланысты қамқорлықтарыңыздан біршама көңіліңізді аударып әкетуге үйрену маңызды. Сондай-ақ, сіздің денсаулықты сақтаудағы қамқорлығыңыздан тек қана сіздің болашағыңыз ғана тәуелді емес. Дәрігерге көріну, дәрі-дәрмекті қабылдауды және талдау жасатуды жіберіп алмаңыз. Егер сіз қатты ауырып қалсаңыз, балаларға не болатынын туралы алаңдауыңыз мүмкін. АИТВ жағдайын басқа ешкім онымен сақтандырылмағандығы мәлім. Кез-келген жағдайда сіз қалағандай сіздің отбасыңыз, тіпті АИТВ-ның кедергісіне қарамастан берік те мықты бола алады!