АИТВ тарихы

АИТВ-ның пайда болу тарихы

 

1980ж. Атлантада (АҚШ) өкпе қабынуы диагнозымен ауруханаға түскен бес жас жігіттегі (29–36 жас) ЖИТС ауруымен дәрігерлер алғаш таныс болды. Науқастар еркектермен қатынаста (ЕЕ) болған және инъекциялық есірткі қабылдаушылар (ИЕҚ) қатарына жатқызылған.1981 жылдың соңында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) 20 мемлекетте ЖИТС індетінің бар екендігі туралы хабарлаған, 1983 жылдан бастап аурудың таралуы туралы, содан соң ЖИТС пандемиясы туралы айтыла бастады. 1981 жыл — ЖИТС жаңа жұқпалы ауруының ресми жарияланған жылы.

Аурудың пайда болуы туралы сұрақтар бойынша ғалымдар әр түрлі пікірде. Біреулері — ЖИТС бұрын пайда болған, ол біздің жасушаларымызда «отырып» келген, ал ауру анықталмаған десе, екінші біреулері — мүлде басқа пікірде.

Л. Монтанье мен Р. Гало (1983ж.) — ЖИТС қоздырушысын алғаш анықтаған ғалымдар. Олардың ойынша, вирус жабық қауымдастықта ондаған, жүздеген жылдар бойы өмір сүрген, сол кезеңдердегі адамдардың қарым-қатынасу аясы өте шағын болғандықтан, вирустың таралуына мүмкіндік болмаған. Адамдардың өмір сүру деңгейінің өзгеруі, олардың қарқынды көшуінің және «сексуалды революция», есірткі қолдану сияқты жағдайлар вирустың шапшаң таралуына түрткі болды.

Жаңа заман ғалымдарының зерттеулері бойынша, ЖИТС ауру ретінде 1950–1970жж. пайда болуы мүмкін, яғни бұл індет адам үшін жаңа, біздің заманымызда пайда болған дейді. Бұл мәліметтер АҚШ-тың Ауруларды қадағалау орталығының 1950–1986жж. аралығындағы кезеңде сақталынған медициналық құжаттарының негізінде айтылып отыр.

ЖИТС індетінің пайда болу ошағы әлі анықталған жоқ, қазіргі таңда ол талас тудыратын мәселе болып тұр. Ғалымдардың бір тобы — вирус Орталық Африкада пайда болған десе, екінші біреулері — АҚШ, басқалары – Гаити аралдарында деген тұжырым жасауда.

В. М. Жданов — ресей вирусологы, ЖИТС індетінің Африкада пайда болуы тұжырымын қолдайды, бірақ ауру ерте заманда болғандығын алға тартады. Аурудың алғашқы белгілерінің білінуі жұмыс саудасы кездерінде байқала бастаған. Көптеген ғалымдар ЖИТС вирусының пайда болуы туралы мәселелері әлі өз шешімін тапқан жоқ деп есептейді. Осы сұрақтарбойынша бірнеше нұсқаулар бар. Ғалымдардың бір бөлігі, бұл вирус адамдарға африкалық жасыл маймылдардан, қатынаста, тамақ арқылы жұққандығын қолдауда. Маймыл етін бөлшектеу кезінде аңшы қолын жаралып алып, содан вирус жұғуы мүмкін. Содан соң ол жыныстық қатынаста болған адамдарға жұғып, солай адам қоғамында індет жайылған деген болжамдар айтылуда.

Бірақ жапон ғалымдары зерттеушілердің бұл ойларымен келіспей отыр. Олар адам ағзасында пайда болған вирус пен маймылдағы вирус — екеуі екі түрлі топқа жататын вирус екендігін мәлімдейді.

Тіпті кейбір ғалымдар, ЖИТС вирусын — жануарлардағы лентивирустар мен онковирустардың генетикалық гибридизациялануының нәтижесі деп атап көрсетті.