АИТВ/ЖИТС дегеніміз не?

АИТВ – адамның иммунтапшылығы вирусы ағзаны түрлі аурулардан қорғайтын қорғаныштық жүйені зақымдайды. АИТВ жұқтырғандар бірнеше жыл бойы өзін сау сезініп, кәдімгідей өмір сүре береді және өздері білместен басқа адамдарға ауру жұқтыру көзі болуы мүмкін.

ЖИТС – жұқтырылған иммунтапшылығының синдромы. Ол АИТВ жұқпасының ақырғы кезені.

Дүние жүзі ЖИТС жайында алғаш рет білгеніне жиырма бес жылдан астам уақыт өтті. Жылдар өткен сайын індет барлық жерде таралып, оның зардаптары ойлағандағыдан әлдеқайда ауыр болды. Әлемде АИТВ жұқпасымен әр минут сайын 10 адам тіркеледі. Ертең осы ортаға сен де, сенің бауырыңда, әпкең, досың, сүйікті адамың да түсуі мүмкін ғой. Сондықтан әркім өзін және өзгелерді АИТВ жұқпасынан сақтай білуі керек.

АИТВ – ның жұғатын жағдайлары

Қан арқылы;

  • Донордың қанын құйғанда немесе мүшелері мен тіндерін өзгелерге ауыстырып отырғызғанда.
  • Қан тамырына есірткілерді енгізген кезде ортақ ине мен шприцтерді қолданғанда.
  • Медициналық манипуляциялар кезінде өңделмеген құралдарды пайдаланғанда.
  • Татуировка мен пирсинг (құлақ тесу) жасаған кезде өңделмеген құралдарды бірігіп пайдаланғанда. Бөтен адамдардың тіс щеткасы мен ұстарасын қолданғанда.

Жыныстық жолмен;

  • Кездейсоқ қорғанышсыз (мүшеқапсыз) жыныстық қатынас кезінде.

 

АИТВ жұқтырған анадан балаға; – АИТВ жұқтырған анадан баласына жүктілік, босану және ана сүтімен қоректендірген кезінде.

 

АИТВ – ның жұқтырылмайтын жағдайлары

  • қол алысып амандасу, достық құшақтасу мен сүйісу арқылы, түшкіру мен жөтелу;
  • өндірістік және тұрмыста қолданылатын заттар (компьютер, ас-үйлік ыдыс-аяқтар және орамал-төсек құралдарымен пайдаланғанда, бір душпен бассейнде, дәретхананы қолданғанда) арқылы;
  • спортпен шұғылданғанда, бір бөлмеде АИТВ-ны жұқтырған адамдармен болғанда;
  • қоғамдық көлікте;
  • жәндіктердің шағуы, жануарлардың тістеуі арқылы.

Жұғудың қалай алдын алуға болады?

  • Әрбір кездейсоқ жыныстық қатынас кезінде мүшеқкапты қолдану керек.
  • Тек өзіңнің таза инъекциялық құралдарыңызды қолданып және басқа адамға пайдалануға бермеу керек.
  • Денеге таңба салу (татуировка) және сырға салу (пирсинг) кезінде тек таза құралдарды қолдану керек.
  • Қанмен және қан жұққан материалдармен жұмыс жасаған кезде қолғаптарды кию керек.
  • Тек өзіңнің жеке гигиеналық таза құралдарыңды (қырыну құралдарымен, тіс жуатын щеткаларымен) қолдану керек.
  • Жүкті анадан балаға АИТВ берілудің алдын алу әдістерін пайдалану керек (қоздырғышқа қарсы препаратты жүктілік, босану және босанудан кейінгі кезінде емшекпен емізбеу).

Сіздің тәртібіңіз – Сіздің денсаулығыңыз! Есте сақтаңыз! Өз тағдырыңыз өз қолыңызда!

ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Жамбыл облыстық орталықтың мекен – жайы Тараз қ., Төле би даңғылы, 64 ғимарат.

тел. 45-65-32, 56-94-04.

 

 

АИТВ – инфекциясына қан тесерістің нәтижелерін қалай түсіну керек

Жастар арасында санитарлық ағарту жұмысының кең көлемінде өткізілуіне байланысты, жастардың көпшілігі АИТВ/ЖИТС туралы және оның жұғу жолдарын жақсы біледі. Бірақ, қанды тестке тапсырып оның нәтижесіне келгенде дұрыс түсіне білмейді.

Тестен өткен қанның үш түрлі нәтижелері болады

  1. Оң
  2. Теріс
  3. Күдікті

Егер, тест нәтижесі ОҢ болса – адам АИТВ-ны жүқтырған, яғни ол адамның қанында АИТВ-ға антиденелер анықталған.

Егер, тест ТЕРІС нәтижелі болса – адам АИТВ-ны жұқтырмаған.

Егер, тест ТЕРІС немесе КҮДІКТІ болса – адам АИТВ-ны жұқтырған, бірақ, ағза талдау барысында қажетті ентиденелерді әліөндіріп үлгерген жоқ. Бұл жағдайда адам «терезе» кезеңінде болады. Оларды анықтау үшін 1-3, кейде 6 айға дейін уақыт керек. Сондықтанда тесті 3, 6 айдан кейін қайта тапсыру қажет. «Терезе» кезеңінде АИТВ жұқтырылған адам басқа адамдарға өте қауіпті болып саналады, себебі виру ағзада екінші тәулікте 1,5 миллион вирус өндіреді.

Өздереңізді, жақындарыңызды және сүйіктілеріңізді АИТВ-дан қорғау ұшін тест тапсырудан қорқпаңыздар, әсіресе бірлесіп өмір сүру шешімге келген жастар.