АИТВ-ның алдын алу

Бүгінгі таңда АИТВ-жұқпасымен күресу — аса қауіпті аурумен күресудің пәрменді шараларының бірі. Әлем ғалымдары АИТВ-жұқпасына қарсы тиімді дәріні тез арада жасап шығару үшін қолдарынан келген мүмкіндіктерді жасауда. Бұл салада біршама жетістіктер бар, бірақ ауруға қарсы нақты екпе табылған жоқ. Сол себепті АИТВ-ның алдын алу–инфекциядан сақтанудың ең тиімді және кепілдендірілген жолы және оның нәтижесі әрбір адамның мінез-құлқына байланысты болады.

АИТВ-ның алдын алу жолындағы ең маңызды бағыттардың бірі — АИТВ-жұқпасының тігінен берілу жолының алдын алу, яғни адамның иммун тапшылығы вирусын тасымалдаушы болып табылатын жүкті әйелдерге профилактикалық курстардан өту. Бұл терапия жатыр ішінде балаға жұқтыру қаупін мүмкіндігінше төмендетуге бағытталады. Табиғи босану жолдарын алмастырушы ішті жарып алу әдісі, жұқтырылған анадан туылған нәрестені жасанды тамақтандыру – бұлардың барлығы АИТВ-ның алдын алу жолдарының әдістері.

АИТВ-ның Тікелей берілу жолдарына әсер етуші факторлар

Ананың денсаулығы жағдайы. Вирустың деңгейі қанда немесе әйелдің қынаптық секрецияларында неғұрлым жоғары болса, соғұрлым анадан балаға вирустың берілу қаупі жоғары болады. Егер анасында аурудың белгілері болса – онда жұқтыру қаупі жоғары.

Анасының өмір сүру жағдайы: тамақтану, дем алу, дәрумендер және басқалары — өте маңызды факторлар. Үшінші әлем елдеріне қарағанда, дамыған АҚШ пен Еуропа елдерінде баланың АИТВ-жұқпасымен орташа статистикалық туылу қаупі екі есе төмен. Алдыңғы жүктіліктің болуы: ол неғұрлым көп болса, қауіп соғұрлым жоғары. Баланың жетіліп туылуы: жетілмей қалған және жетіліп туылған балалар да көбіне жұқтырылған болады.

Босанудың екінші кезеңінің ұзақтығы: баланың дүниеге келетін уақыт аралығы неғұрлым қысқа болса, соғұрлым жұқтыру қаупі аз болады.

Қабынау немесе ұрық айналасындағы қабықшаның уақытынан бұрын жарылуы: жаңа туған нәрестеге АИТВ-ның берілу қаупін арттырады.

Кесарь операциясы: көптеген зерттеулер, кесарь операциясы кезінде, әсіресе ол ұрық айналасындағы қабықшаның жарылғанына дейін жасалса, баланың АИТВ-ны жұқтырып туу қаупін төмендететінін көрсетті.

Қынаптың шырышты қабықшасында жара немесе жырылған жерлердің болуы (әдетте олар инфекцияның салдарынан туындайды), баланың АИТВ-ны жұқтырып туу қаупін арттырады.

Емшек сүтімен тамақтандыру: АИТВ-жұқпасы бар аналарға балаларын емізуге рұқсат етілмейді, себебі емізу арқылы да АИТВ-ны жұқтыру қаупі артады. (Associated Press агенттігінің мәліметтері бойынша, АҚШ мамандарының Малавиде ұзақ жүргізген зерттеулерінің нәтижесі екі жыл бойы емізген балаға ана сүті арқылы жұқтыруы 10% құрайды).

Зерттеулер көрсеткендей, жүктіліктің 8–12 аптасында ұрық жұқтыруы мүмкін. Бірақ, көншілік жағдайда нәрестелердің жұқтыруы босану кезінде өтеді.

АИТВ-ның алдын алу мәселелері саласында соңғы жылдарда қол жеткізген жетістіктердің бірі – босану кезінде жұқтырылған анадан балаға АИТВ-ның берілуі қаупін төмендету әдісі болды. Егер арнайы емдеу курсынан өтпесе, онда баланың АИТВ-жұқпасымен орташа статистикалық туылу қаупі АҚШ пен Еуропа елдерінде 15–25%, Африкада 30–40% құрайды, ал вирусқа қарсы АЗТ (ретровир) препаратымен профилактикалық емдеу курсының көмегімен жұқтыру қауіпті 2/3 төмендетуге болады.

Ғылым бір орында тұрмайды, жаңа туған нәрестеге АИТВ-ны жұқтырудан құтқарудың жаңа, анағұрлым тиімді және қымбат емес әдістерін тұрақты іздеу үстінде. Уганда аллергиялық және инфекциялық аурулар бойынша (U.S. National Institute of Allergy and Infectious Diseases) АҚШ Ұлттық институтының қолдау барысында жүргізілген зерттеулер, әйелдің босану кезінде вирусқа қарсы препарат невирапиннің (фирмалық атауы «вирамун») бір реттік дозасын және нәресте өмірінің алғашқы үш күні барысында бір реттік дозасын қабылдауы АИТВ-ны жұқтыру қауіпін 13,1% төмендетсе, ал қысқа АЗТ профилактикалық курсын қабылдауы тек 25,1% төмендететінін көрсетті. Бұл жағдайда невирапинмен жүргізілген профилактика АЗТ-пен жүргізілген профилактикалық курсқа қарағанда 200 есе арзанға түседі, және әйел бұрын дәрігерге қаралмаса да, тікелей босану кезінде қолдануға, күніне 1000 балаға дейін құтқаруға болады.

Жұқтырылған жүкті әйелдерді уақытында анықтау және балаға жұқтыруды болдырмау үшін профилактикалық іс-шаралар көруге, оларға міндетті түрде АИТВ-ға тесттен өту енгізілген. Заңды некеге тұратын жұптар ерікті түрде ЖИТС-қа тесттен өтуіне болады.

Инъекциялық есірткіні тұтынушыларда АИТВ-инфекциясының алдын алу: оларға міндетті түрде таңдау ұсыну керек: тұтынуды тоқтату, немесе оның қауіпсіз түрлеріне ауысу (шегу, иіскеу, жұту) немесе иньекцияны стерильді аспаптармен жасау. Бұл «есірткіні тұтыну барысында қауіпті төмендету» немесе «есірткімен туындайтын зияндылықты төмендету» стратегиясы деп аталады. Инъекциялық есірткіні тұтынушылар арасында АИТВ-инфекциясы бойынша тиімді профилактиканың негізгі принциптері төмендегілер болып табылады:

  • Ақпараттық жұмыс және білім беру;
  • Әлеуметтік қызметтерге және медицина қызметтеріне қолжетімдікті қамтамасыз ету;
  • Есірткіні инъекциялық жолмен қабылдаушылар қатарына кіретін адамдар арасында белсенді ағарту жұмыстарын жүргізу;
  • Есірткіні инъекциялық жолмен енгізетін адамдардың стерильді инъекциялық аспаптарға және жарарсыздандырғыш материалдарға қолжетімдігін қамтамасыз ету;
  • Есірткіні инъекциялық жолмен енгізетін адамдарға антиретровирустық және алмастырушы терапияны қабылдауға мүмкіндік беру.

Жұқпаны жыныстық жолмен жұқтырудың профилактикасы ерекше мән беруді талап етеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, емделмеген жыныстық жолмен берілетін аурулар (ЖЖБА) АИТВ-инфекциясын жұқтыру қаупін 5–10 есе арттырады.

Әлемдегі АИТВ жұқтырғандардың және ЖЖБА жартысына жуығы 10 –нан 25- жасқа дейінгі жастардың үлесіне тиесілі болып отыр. Осыған байланысты жастарды жауапкершілікті және қауіпсіз сексуальдық мінез-құлыққа оқыту маңызды болып отыр.

Іс жүзінде жыныстық қатынас туралы тәрбие беру, өсіп келе жатқан жастарға дұрыс шешім қабылдау қабілетін қалыптастыруға, қауіптілікті туындататын көптеген факторларға, оның ішінде тәжірибе жасаумен, өзін нық сезінумен, құрдастары қатарынан қысыммен, нашақоршылардың белсенділігімен бетпе-бет келгенде психологиялық иммунттет қалыптастыруға бағытталған. Қазіргі заманның жастары әртүрлі және өзара байланысты көп проблемалармен бетпе бет келуіне байланысты, жыныстық сауатын ашу және қауіпсіз мінез-құлықты насыхаттау заманауи әлемдегі өмір әдеттеріне жалпы оқыту кешенінің бір бөлігі болуға тиісті.

АҚШ-та жүргзілген сауалнама барысында, аналары олардың өмірінде жыныстық қатынас басталғанға дейін 1 жыл бұрын мүшеқап туралы әңгіме өткізген жасөспірімдер, өз өмірінде алғашқы жыныстық қатынастары барысында мүшеқаптарды қолданғаны анықталды. Одан басқа, мүшеқапты бірінші жыныстық қатынас кезінде қолданғандар, әрі қарай да 20 рет жиі қолдана береді. Сапалы мүшеқапты дұрыс және тұрақты пайдаланған жағдайда АИТВ-ны жұқтыру қаупі айтарлықтай төмендейді. Одан басқа мүшеқаптар ЖЖБА-дан, оның ішінде герпесті, цитомегаловирустық инфекцияны, В гепатитін, хламидиозды және созды жұқтырудан қорғайды.

Бүгінде АИТВ профилактикасы жастармен ақпараттандыру жұмыстарын жүргізуге, жұқтырулардан қорғану үшін мүшеқапты қолдану маңыздылығын түсіндіруге тіреледі. Жас ұрпақ аурудың берілу әдістерін және АИТВ-инфекциясын жұқтыруды қалай оңтайлы болдырмауға болатыны туралы білуге тиісті.

Теледидарда және БАҚ әлеуметтік жарнамалардың маңыздылығын, сол сияқты АИТВ кеңесшілерінің ролін қайта бағалау қиын. Қазіргі уақытта кеңес берушілер жастарға қауіпсіз секстің ережелерін және есірткілік заттарды иньекциялық жолмен енгізгенде сақтандыру шараларын тек түсіндіріп қана қоймайды. Олардың міндеттеріне егер АИТВ-ға өткен тест нәтижесі оң болған жағдайда, дұрыс қатынас жасау және ықпал ету, дұрыс мінез-құлық және іс-әрекеттер ережесін тез арада қабылдау да кіреді. Жұқтырған адамға туыстары мен жақын адамдарының психологиялық көмегі де үлкен көмек көрсетеді.

Қан арқылы жұқтырудың алдын алуда дәретханалық керек-жарақтарды қолдану барысында жеке басының гигиенасы ережелері туралы есте сақтау керек. Бірінші кезекте, ол кесіп алуы мүмкін және онда қанның дағы сақталуы мүмкін заттарға (қайшылар, тістеуіктер, сақал қырғыш станоктар және б.) қатысты болады. Медициналық мекемелерде аспаптарды стерилизациядан өткізу, донор қанын АИТВ-ға тесттен өткізу сияқты міндетті болып табылады.

Қауіпті мінез-құлықты өзгерту

Профилактиканың міндеттері — адамдарды ерікті түрде ұзақ уақытқа өзінің мінез-құлқын, анағұрлым қауіпсіз жасап өзгертуге көзін жеткізу болып табылады. Оған қалай қол жеткізуге болады?

Мінез-құлықты өзгертудің бірқатар психологиялық заңдылықтары бар. Қалыптасқан әдеттердін ерікті түрде бас тарту, ереже бойынша бірден болмайды, ол қандай да бір уақытты талап етеді, сол уақыт аралығында адам бірнеше кезеңдерді басынан өткізеді. Әр кезеңде, өзінің мінез-құлқын өзгертуді шешкен адамға тиісті ақпарат және қолдау қажет болады.

  1. Қалыптасқан мінез-құлықтары қауіпті болуы мүмкін екендігі туралы ойланбайды да. (Ол үшін қажет: назарын аудару, үркіту, өзіне төнген қауіпті сезіндіруге жеткізу).
  2. Ойлана бастайды. (Ол үшін қажет: қауіптілік дәрежесі туралы нақты ақпаратты жеткізу, қалыптасқан мінез-құлықтарын өзгертудің «ия» және «қарсы» жағдайларын талдауға көмектесу).
  3. Әрекет етуге дайын. (Ол үшін қажет: жаңа әдеттерге және өзін өзі бақылау техникасына үйретіп бейімдеу, табыстарын атап марапаттау, үйреніскен жағдайларын өзгертуге көмектесу, қауіпті ахуалдардан аулақ болу).
  4. Әрекет етуде. (Ол үшін қажет: өзін өзі қолдау, өзара қолдау, кәсіби қолдау жүйесін қалыптастыру).
  5. Тұрақты нәтиже. (Ол үшін қажет: қол жеткізгендерге мақтаныш сезімін тудыру, жақын адамның қолдауын тұрақты сезіну).

Әлеуметтік жарнама, плакаттар, бейнеклиптер адамға проблемасы туралы ойлануға көмектесе отырып, негізінен бірінші кезеңде ғана ықпал етеді. Әрі қарай мінез-құлқын әдеттерін өзгерту үшін анағұрлым нақтырақ ақпарат талап етіледі. Тұрақты нәтижелерге қол жеткізу үшін қолдаушы топ, әлеуметтік- психологиялық қызметтер, айналасындағылармен, туыстарымен және жақын адамдарымен мақсатты бағытта жұмыс жүргізу қажет.

Психологиялық ерекшеліктерді ескермеген жағдайда мінез-құлқын, әдеттерін өзгерту бойынша халықпен жүргізілетін профилактикалық жұмыс 1-ші және 2-ші кезеңдер деңгейінде қалу қаупі бар, ол жағдайда адамдардың біраз бөлігі өзін қауіпке итермелеп отырғаны туралы ойланбайды, ал екінші бөлігі ойланған күнде де осындай жағдайды өзгертуге ешқандай қадам жасамайды.

  1. S. Аталған мінез-құлықты өзгерту моделін американдық ғалымдар Джеймс Прочаска және Карло Ди Клементе әзірледі, олар әртүрлі тәуелділіктерден (шегу, алкоголь, артық тамақ ішу және басқ.) бас тарту туралы жинақталған психологиялық мәліметтерді зерделеді және мінез-құлықты табысты өзгертудің барлық жағдайларына тән жалпы заңдылықтарды анықтады.

Профилактикалық іс-шаралар насихаттау шараларын өткізумен, саламатты өмір салтын жарнамалаумен, есірткіден және кездейсоқ сексуальдық байланыстардан бас тару, тұрақты серіктесінің денсаулығы туралы қамқорлық жасаумен жалғасуға тиіс.

Жұқтырылған ауруды емдеуге қарағанда, АИТВ-ны жұқтырудан сақтану анағұрлым пайдалы екенін есте сақтау қажет. Бұл жағдай бізді және біздің жақындарымызды айналып өтуі үшін бар күшті салу керек.