Әлемдегі АИТВ

ЮНЭЙДС деректері бойынша:
жаһандық статистика 2014

 

  • 15 миллион адам антиретровирустық терапияға қолжетімділікте болды (2015ж. наурыз)
  • Бүкіл әлемдегі 36,9 [34,3–41,4] миллион адам АИТВ-мен өмір сүрген
  • Бір жылда 2 [1,9-2,2] миллион адам АИТВ-ны жұқтырған
  • 1,2 [980 000-1,6 миллион] адам ЖИТС-ке байланысты аурудан көз жұмған

 

АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың антиретровирустық терапияны алуға мүмкіндігі бар.

  • 2015 жылдың наурыз айы жағдайы бойынша АИТВ-мен өмір сүретін 15 миллион адам антиретровирустық терапияға қолжетімділікте болған – 2014 жылдың маусым айында бұл сан 13,6 миллионды құрады.
  • АИТВ-мен өмір сүретін барлық ересектердің 41% [38%-46%] 2014 жылы емделуге мүмкіндік алды – 2010 жылы бұл көрсеткіш 23% [21%-24%] құрады.
  • АИТВ-мен өмір сүретін барлық балалардың 32% [30%-34%] 2014 жылы емделуге мүмкіндік алды – 2010 жылы бұл көрсеткіш 14% [13%-15%] құрады.
  • 2014 жылы балаларға АИТВ-ның берілуінің алдын алу үшін АИТВ-мен өмір сүретін жүкті әйелдердің 73% [68%-79%] антиретровирустық препараттарға қол жеткізді; 2000 жылдан 2014 жыл аралығында балалар арасында АИТВ-инфекциясының жаңа саны 58% дейін төмендеді.

АИТВ-мен өмір сүретін адамдар

  • 2014 жылы АИТВ-мен өмір сүретін адамдар саны 36,9 [34,3-41,4] миллионды құрады.
  • 2000 жылдан бастап шашамен 38,1 миллион адам АИТВ-ны жұқтырған және 25,3 миллион адам ЖИТС-ке байланысты аурудан қайтыс болған.

 

Жаңа АИТВ-инфекциялары

  • 2000 жылдан бастап жаңа АИТВ-инфекцияларының саны 35%-ға төмендеді.
  • 2014 жылы әлемдегі АИТВ-ны жұқтырған адамдардың саны 2 [1,9-2,2] миллион адамды құрады – 2000 жылы бұл көрсеткіш 3,1 [3,0–3,3] миллионды көрсетті.
  • 2000 жылы балалар арасында жаңа АИТВ-инфекцияларының саны 58%-ға төмендеді.
  • 2014 жылы бүкіл әлемдегі АИТВ-ны жұқтырған балалардың саны 220 000 [190 000–260 000] құрады – 2000 жылы бұл көрсеткіш 520 000 [470 000–580 000] құрады.

 

ЖИТС-ке байланысты өлім-жітім саны

  • Егер 2004 жылғы үдемелі көрсеткішпен салыстыратын болсақ, ЖИТС-ке байланысты болатын өлім саны 42%-ға азайды.
  • 2014 жылы бүкіл әлемдегі ЖИТС-ке байланысты өлімнен қайтыс болған адамдар саны 1,2 [980 000-1,6 миллион] адамды құрады – салыстыру үшін 2005 жылы бұл көрсеткіш 2 [1,7-2,7] миллионды құрады.