Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Болашаққа көзқарас

ЖИТС орталығының өкілдері, “Темірқазық” АҚ-ның еріктілері, жастар мәслихатының депутаттары және полиция қызметкерлері № 48 орта мектептің оқушыларымен кездесу өткізді.

2018 жылдың 20 ақпан күні Тараз қаласының № 48 орта мектебінде жоғары сынып оқушыларымен “Болашаққа көзқарас” атты кездесу өтті. “Темірқазық” АҚ-ның еріктісі Еркін Абдиев ҚР Президенті Н.Назарбаев Жолдауының жетінші міндеті туралы – білім берудің жаңа сапасы, математика және жаратылыстану ғылымдарын оқыту сапасын күшейту, жастарды жаңа технологиялық қалыпқа дайындаудың маңызды шарты жайында айтып өтті.

Қалалық мәслихаттың жастар бөлімінің депутаты Аңсар Рахымбай жастарды зерттеу жұмыстарына шақырып, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгеру қажеттілігі жайында айтты.

Полиция капитаны Айбол Меймашов сыбайлас жемқорлық және онымен күресу ұғымын түсіндіре отырып, жастардың моральдық-адамгершілік тәрбиесіне баса назар аударды.

Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының социологы Бегманова М.С. АИТВ және ЖИТС ұғымдарына жалпы мағлұмат беріп, оқушылардың өз іс-әрекеттеріне аса жауапкершілікпен қарау қажеттігі және әр адамның өз болашағы – өз қолында екенін түсіндірді. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Тлеубердиева К.М. оқушыларға оқудың жаңа әдістерін меңгеруде сәттіліктер тіледі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған