Іс-шара жоспары бойынша облыстық ЖИТС орталығының мамандары Г.Ж.Салпыкова, Э.О.Ташкараева Тараз қаласының білім бөлімінің №32 орта мектеп оқушыларымен «АИТВ- инфекциясының алдын алу» атты тақырыпта дәріс өткізді.
Дәріс өткізудің мақсаты – жоғары клас оқушыларының АИТВ мәселесі бойынша ақпараттану және білім деңгейін арттыру. Іс-шара барысында АИТВ – берілу жолдары, «Стигма мен кемсітушілік» толық ақпарат беріліп, бүктемелер таратылды.
Жалпы іс-шараға 60 оқушы қатысты.