Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

№5 мектеп-гимназиясында “Адам құқықтары жолында – дұрыс жолды таңдаңыз!” атты тақырыпта оқушыларға тренинг өтті

Ағымдағы жылдың қараша айында Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының жоспарына сәйкес білім беру ұйымдарында АИТВ-инфекциясының алдын алу мақсатында тренингтер ұйымдастырылуда.
15 қараша күні Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясының мәжіліс залында облыстық ЖИТС орталығының мамандары дәрігер эпидемиолог И.Досымова және эпидемиолог көмекшісі Б.Салменбаева “Адам құқықтары жолында – дұрыс жолды таңдаңыз!” атты тақырыпта оқушыларға тренинг өткізді.
Іс-шара барысында мамандар АИТВ – инфекциясынан қорғану шаралары мен берілу жолдары, стигма, АИТВ позитивті адамдарға қатысты кемсітушілікке жол бермеу туралы дәріс оқыды, оқушыларға бүктемелер таратты.
Жалпы іс-шараға 95 оқушы қатысты.