Тараз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің “Ықылас дүкенұлы атындағы “Қалалық мәдениет үйі” мемлекеттік КММ, №6 кітапханасында ЖИТС орталығының мамандары М.Бегманова және Г. Салпыкова аталмыш мекеме қызметкерлері мен оқырмандарға қатерлі дерттен сақтану жолы жайлы әңгіме сабағын өткізіп, ақпараттық-насихаттық жұмыстармен таныстырды. Сонымен қатар АИТВ – инфекциясынан қорғану шаралары мен берілу жолдары, стигма, АИТВ позитивті адамдарға қатысты кемсітушілікке жол бермеу туралы жұмыстар жүргізілді.