Ағымдағы жылдың 27 желтоқсанында Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мәжіліс залында 2024 жылдың қорытындысы бойынша жиын өтті.
Жиында орталықтың бас дәрігері Б.Қыдырбаев 2024 жылғы атқарылған жұмыстарды қорытындылап, 2025 жылға арналған міндеттерді белгіледі. Бағлан Джарлықасынұлы өз сөзінде биылғы жылғы түйткілді мәселелерді көтеріп, оларды шешу жолдарын тиісті қызметкерлерге тапсырды.
Содан кейін орталықтың бас дәрігердің ұйымдастыру-әдістемелік және эпидемияға қарсы жұмыс жөніндегі орынбасары Г.Калметова «Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының 2024 жылғы нысаналы индикаторларды орындау» бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады.
Жиын барысында сондай-ақ экономист Л.Исакова, ұжымның кәсіподақ төрайымы, бас медбике Л.Сатмаханова сөз алып, жұмыстары туралы баяндады.