Қымбатты Отандастар! Құрметті әріптестер!
Егемен еліміздің ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күні құтты болсын! Тәуелсіздік – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Батыр бабаларымыздың күшімен, ұлы мұраттар жолында құрбан болған асыл азаматтарымыздың асқақ армандарымен жеткен Тәуелсіздікті әрқашан қастерлей білуге тиіспіз.
Біз үшін Тәуелсіздік ұғымының мәні зор, мағынасы терең. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, мемлекет дамуының мазмұнды бағдарламаларын жасай отырып, Тәуелсіздіктің тұғырын бекіте түсетініміз анық. Халқымыз әрдайым береке мен бірлікті ту етіп, ынтымақтастыққа күш біріктіргенде ғана жасампаз Қазақстанды қуатты ете түсеміз.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Тәуелсіздік бәрінен қымбат” атты мақаласында: “Біздің мақсатымыз – келер ұрпаққа Қазақстанды тұғыры мығым, экономикасы қуатты, рухы асқақ мемлекет ретінде табыстау және елдік істерді шашау шығармай лайықты жалғастыратын жасампаз ұрпақ тәрбиелеу” деп мемлекет ісіне жауапты азаматтарға және қоғам мүшелеріне аса жауапты міндетті жүктегені белгілі. Сондықтан, әрбір азамат қажырлы еңбек етіп, соның арқасында сүйікті Отанымыз гүлденіп, көркейе берсін!
Тәуелсіз Қазақстанның таңы нұрлы, егемен еліміздің ұрпағының еңсесі биік болып, көкбайрағымыз әрқашан бейбіт аспан астында желбіреп тұрсын! Қазақ елінің тәуелсіздігі тұғырлы, егемендігі мәңгі болсын!
Ізгі ниетпен,
Жамбыл облыстық жұқтырылған
иммун тапшылығы синдромының
алдын алу және онымен күрес
жүргізу орталығының бас дәрігері
Б.Д.Қыдырбаев