Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Жамбыл жоғары медициналық колледжінде «Жастар арасында АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу!» тақырыбында іс-шара өтті

 

Мақсаты: студенттердің АИТВ/ЖИТС мәселесі туралы ақпараттандыру деңгейін арттыру, АИТВ инфекциясының таралу жолдары мен алдын алу шаралары туралы білім беру, денсаулыққа саналы және жауапты көзқарасты тәрбиелеу.

Іс-шара барысында студенттер  АИТВ туралы жастарға ой саларлық қойылым көрсетіп, монолог оқыды. Ал, ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері И.Досымова студенттерге аурумен күресудің қазіргі заманғы әдістері мен ерте диагностика жүргізудің маңыздылығы туралы жан-жақты түсіндірді. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, кәсіби жауап алды.

№9 орта мектебінде дәріс өтті

 

Тараз қаласының білім бөлімінің №9 орта мектебінің акт залында облыстық ЖИТС орталығының маманы Г.Салпыкова «АИТВ- инфекциясының алдын алу» тақырыбында жоғарғы сыныптың қыздарымен кездесіп, дәріс өткізді.

Кездесуде Гулжан Жетпісбаевна АИТВ – инфекциясының берілу жолдары, стигма, АИТВ позитивті адамдарға қатысты кемсітушілікке жол бермеу туралы дәріс оқыды.

«Феникс-Сириус» үкіметтік емес ұйымдарының өкілдерімен дәріс өтті

Облыстық ЖИТС орталығының дәрігер-сарапшысы Тайчибеков Темірлан Арыстанбекұлы «Феникс-Сириус» үкіметтік емес ұйымдарының өкілдерімен АИТВ – инфекциясынан  қорғану шаралары мен берілу жолдары, стигма, АИТВ позитивті адамдарға қатысты кемсітушілікке жол бермеу туралы дәріс оқыды.

№32 орта мектепте АИТВ туралы тәрбиелік дәріс өтті

 

 

Іс-шара жоспары бойынша облыстық ЖИТС орталығының мамандары Г.Ж.Салпыкова, Э.О.Ташкараева Тараз қаласының білім бөлімінің №32  орта мектеп  оқушыларымен «АИТВ- инфекциясының алдын алу» атты  тақырыпта дәріс өткізді.

Дәріс өткізудің мақсаты – жоғары клас оқушыларының АИТВ мәселесі бойынша ақпараттану және білім деңгейін арттыру. Іс-шара барысында АИТВ – берілу жолдары, «Стигма мен кемсітушілік» толық ақпарат беріліп, бүктемелер таратылды.

Жалпы іс-шараға 60  оқушы қатысты.

Тараз қаласы М.Әуезов атындағы кітапханасында “XXI ғасыр індетімен күрес” атты мамандар кеңесі өтті

 

Кеңесті ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері И.Досымова  қатерлі дерттен сақтану жолы жайлы түсіндірме айтып, ақпараттық-насихаттық жұмыстарымен таныстырды. Кітапхана оқырмандары мен оқушыларға АИТВ – берілу жолдары, стигма, АИТВ позитивті адамдарға қатысты кемсітушілікке жол бермеу туралы айтып, ақпараттық кітапшалар таратты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру бойынша жиын өтті

Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру бойынша жиын өтті.

Жиналыста орталықтың заңгер маманы  қойылған  барлық сұрақтарға тиісті жауап берді.

№15 мектеп-гимназиясында дәріс өтті

 

Тараз қаласының білім бөлімінің №15 мектеп-гимназиясында облыстық ЖИТС орталығының ұйымдастырумен «АИТВ- инфекциясының алдын алу» тақырыбында дәріс өткізілді.

Іс-шара барысында орталықтың мамандары Г.Ж.Салпыкова, Э.О.Ташкараева оқушыларға АИТВ – инфекциясының берілу жолдары, «Стигма мен кемсітушілік» туралы толық ақпарат берді. АИТВ-жұқпасының алдын алуға арналған бейнероликтер көрсетіліп, оқушыларға  ақпараттық-ағарту парақшалары үлестірілді.