2021 жылғы 7 шілдеде Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының дәрігер-эпидемиологы И.М. Досымова «Кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығы» ЖШС филиалы – «Жанұя» емханасына жоспарлы түрде барды. «ҚР мен облыстағы АИТВ бойынша эпидемиологиялық жағдай», «Халық арасында АИТВ/ЖИТС алдын алу», «АИТВ өмір сүретін адамдарға стигма және кемсітушілік» тақырыптарында семинар өткізілді.