Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Шерхан Мұртаза атындағы №30 мектеп гимназиясында тренинг өтті

Бүкіләлемдік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай облыстық ЖИТС орталығының мамандары Тараз қаласының білім бөлімінің Шерхан Мұртаза атындағы №30 мектеп гимназиясы  оқушыларымен  “Адам құқықтары жолында – дұрыс жолды таңдаңыз” атты  тақырыпта тренинг өткізді.

Тренинг барысында орталықтың мамандары М.Бегманова және Г. Салпыкова оқушыларға АИТВ – инфекциясынан  қорғану шаралары мен берілу жолдары, «Стигма мен кемсітушілік» толық ақпарат берді. Сонымен қатар АИТВ-жұқпасының алдын алуға арналған бейнероликтер көрсетіліп, қатысушыларға ақпараттық-ағарту парақшалары үлестірілді.

Жалпы іс-шараға 135  оқушы қатысты.