2021 жылдың 24 қарашасында Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің студенттерімен Дүниежүзілік ЖИТС қарсы науқанға орай «АИТВ: әрбірін тыңда» тақырыбында кездесу өтті. Педагогика факультетінің деканы Маржан Қожаева АИТВ/ЖИТС, коронавирус, венерологиялық инфекциялар және т.б. инфекцияларды жұқтыру қаупі болған кезде өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды тіледі. ЖИТС орталығының дәрігер-эпидемиологы Ысқақ Мейіржан, психолог Мереке Бегманова АИТВ таралу жолдары мен алдын алу шаралары, стигма мен кемсітушілік, нашақорлық және АИТВ, тестілеу түрлері туралы айтып берді. тілек білдірушілер АИТВ жедел-тестілеуден өтті.