Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Туберкулез және АИТВ-ның  алдын алу бойынша дөңгелек үстел өтті

 

 

Тараз қаласындағы Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының мәжіліс залында облыстық денсаулық сақтау басқармасы Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бағдарламасы аясында «Тәуекел тобындағы көптеген және кең ауқымды дәріге төзімді туберкулезбен және АИТВ инфекциясы бар науқастарды анықтау және емдеуге міндеттеме, алдын алудағы инновациялық тәсілдері» бойынша дөңгелек үстел отырысы өтті.

Дөңгелек үстелге Жамбыл облысы әкімдігінің және Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының өкілдері, Жамбыл ОФО және облыстық ЖИТС орталығының басшылары, үкіметтік емес ұйымдарының басшылары қатысты.

Модератор: Р.О.Перзадаев – «Тараз-АИТВ-ға қарсы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, жоба үйлестірушісі.

Дөңгелек үстел барысында Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Е.Т.Мусабаев  кіріспесөз сөйледі. Ол Жамбыл облысының Денсаулық сақтау саласын дамыту перспективалары туралы, халықтың аурушаңдығын төмендету және Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты бөлуді жоспарлау бойынша айтты.

Отырысқа қатысушылар АИТВ және ТБ компоненті бойынша Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы ҮЕҰ-ны тұрақты қаржыландыруды қамтамасыз етуге байланысты өзекті мәселелерді, жергілікті атқарушы органдардың қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл аспектілерін және басқа да өзекті мәселелерді көтерді.

Дөңгелек үстел соңында Жамбыл облысының ҮЕҰ үшін туберкулез бағдарламасы бойынша «Тәуекел тобындағы көптеген және кең ауқымды дәріге төзімді туберкулезбен және АИТВ инфекциясы бар науқастарды анықтау және емдеуге міндеттеме, алдын алудағы инновациялық тәсілдері» талқыланды.