Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасына қарасты білім беру мекемелерінің педагог-психологтары және АИТВ/ЖИТС -қа жауапты тұлғалармен АИТВ туралы онлайн конференция өткізілді.
Онлайн конференцияда ЖИТС орталығының мамандары М.Бегманова және Г. Салпыкова “Адам құқықтары жолында – дұрыс жолды таңдаңыз” атты тақырып аясында сөз сөйледі.
Дәріс өткізудің мақсаты – білім беру мекемелеріндегі жауапты мамандардың жоғары клас оқушыларына АИТВ мәселесі бойынша ақпараттану жұмыстарын арттыру. Конференция барысында мамандар АИТВ – инфекциясынан қорғану шаралары мен берілу жолдары, «Стигма мен кемсітушілік» туралы толық ақпарат берді.