Ағымдағы жылдың 12 желтоқсанында Жамбыл жоғары медициналық колледж студенттеріне облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері И.Досымова АИТВ-нің алдын алу, стигма, АИТВ позитивті адамдарға қатысты кемсітушілікке жол бермеу және денсаулықты сақтау маңыздылығы туралы дәріс өткізді.
Студенттер тақырыпқа үлкен қызығушылық танытып, белсенді сұрақтар қойып, викторинаға қатысты. Олар мұндай шаралардың жастардың хабардарлығын арттырып, денсаулыққа саналы көзқарас қалыптастыруға және АИТВ-ға қатысты мифтерді жоюға ықпал ететіндігін жеткізді.