Тараз қаласындағы «Облыстық жасөспірімдер үйінде» облыстық ЖИТС орталығының ұйымдастырумен «АИТВ- инфекциясының алдын алу» тақырыбында кездесу өткізілді.
Кездесуде облыстық ЖИТС орталығының мамандары Г.Ж.Салпыкова, М.С.Бегманова, Э.Х.Ибрагимова жасөспірімдерге қатерлі дерттен сақтану жолы жайлы әңгіме сабағын өткізіп, ақпараттық-насихаттық жұмыстармен таныстырды. Сонымен қатар АИТВ – инфекциясынан қорғану шаралары мен берілу жолдары, стигма, АИТВ позитивті адамдарға қатысты кемсітушілікке жол бермеу туралы жұмыстар жүргізілді.
Кездесу соңында өзінің АИТВ статусын білуге ниет білдіргендер үшін жедел тесттілеу тапсыру мүмкіндігі болды.