Жуалы аудандық орталық ауруханасында “Адам құқықтары жолында – дұрыс жолды таңдаңыз!” атты тақырыпта “Сенім” жастар денсаулық кабинетінің мамандары мен тұрғындар арасында іс-шара өтті.
Іс-шара барысында мамандар АИТВ – инфекциясынан қорғану шаралары мен берілу жолдары, стигма, АИТВ позитивті адамдарға қатысты кемсітушілікке жол бермеу туралы дәріс оқыды, бүктемелер таратты.