Мемлекеттік қызмет көрсету регламенті

Жамбыл облысы әкімдігінің
2015 жылғы «10» тамыздағы
193 қаулысымен бекітілген

   «АИТВ-инфекциясының болуына ерікті анонимді және міндетті құпия медициналық тексерілу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

  1. «АИТВ-инфекциясының болуына ерікті анонимді және міндетті құпия медициналық тексерілу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272«Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304тіркелген) бұйрығымен бекітілген «АИТВ-инфекциясының болуына ерікті анонимді және міндетті құпия медициналық тексерілу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – стандарт) сәйкес Жамбыл облысының медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдары мен «Жамбыл облыстық жүре пайда болған иммунтапшылық синдромының алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
    2. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін беру қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
    Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.
    3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесі – «Адамның иммунтапшылық вирусы инфекциясы мәселелері бойынша тегін негізде Қазақстан Республикасы азаматтарды және оралмандарды ерікті түрде анонимдік және (немесе) құпия медициналық зерттеліп-қаралу және консультация алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 246 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 11145 болып тіркелген) сәйкес адамның иммун тапшылығы вирусына антиденелерді зерттеу туралы анықтама-сертификат.

2. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету бойынша рәсімдерді (әрекеттерді) бастауға негіздеме болып стандарттың 9-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының өтініші мен мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттары (бұдан әрі – құжаттар ) болып табылады.
    5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (әрекеттердің) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
    1) қызмет берушінің жауапты қызметкері қызмет алушының құжаттарын қабылдайды және қызметті берушінің емшара бөлмесіне қанды алу үшін жолдайды – орындау уақыты 30 (отыз) минут;
    2) қызметті берушінің емшаралық бөлмесінің жауапты қызметкері қызмет алушының қанын алып, «Жамбыл облыстық жүре пайда болған иммунтапшылық синдромының алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесіне тексеруге жолдайды – орындау уақыты 1 (бір) жұмыс күні;
    3) «Жамбыл облыстық жүре пайда болған иммунтапшылық синдромының алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесі зертханасының жауапты қызметкері қызметті алушының қанын тексергеннен кейін, зерттеу нәтижесін қызметті берушіге жолдайды – орындау уақыты зерттеп-қараудың теріс нәтижесінде – 1 (бір) жұмыс күні. Оң нәтиже болғанда қанды кайта тексеруге жолдайды – орындау уақыты 17 (он жеті) жұмыс күні;
    4) қызмет берушінің басшылығы мемлекеттік қызмет нәтижесін рәсімдейді – орындау уақыты 1 (бір) жұмыс күні;
    5) қызмет берушінің жауапты қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін қызметті алушыға ұсынады – орындау уақыты қызметті алушы қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – зерттеп-қараудың теріс нәтижесінде зерттеп-қараудың теріс нәтижесінде – 3 (үш) жұмыс күні; зерттеп-қараудың оң нәтижесінде – 20 (жиырма) жұмыс күні.
    6. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (әрекеттің) нәтижесі мынадай рәсімді (әрекетті) орындауды бастау үшін негіз болады:
    1) қызмет берушінің жауапты қызметкерінің қызметті алушының құжаттарын қабылдауы;
    2) қызметті берушінің емшаралық бөлмесінің жауапты қызметкері қызмет алушының қанын алуы;
    3) қызметті алушынының қанын «Жамбыл облыстық жүре пайда болған иммунтапшылық синдромының алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесімен зерттеуі;
    4) зертхананың жауапты қызметкерінің қызмет берушіге зерттеу нәтижесін жолдауы;
    5) қызмет берушінің басшылығының мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін рәсімдеуі;
    6) қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсынуы.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
    1) қызметті берушінің жауапты қызметкері;
    2) қызметті берушінің емшара бөлмесінің қызметкері;
    3) «Жамбыл облыстық жүре пайда болған иммунтапшылық синдромының алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесі;
    4) қызметті берушінің басшылығы.
    8. Қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелері арасындағы рәсімдердің (әрекеттердің) дәйектілігін сипаттау:
    1) қызмет берушінің жауапты қызметкері қызмет алушының құжаттарын қабылдайды және қызметті берушінің емшара бөлмесіне қанды алу үшін жолдайды – орындау уақыты 30 (отыз) минут;
    2) қызметті берушінің емшаралық бөлмесінің жауапты қызметкері қызмет алушының қанын алып, «Жамбыл облыстық жүре пайда болған иммунтапшылық синдромының алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесіне тексеруге жолдайды – орындау уақыты 1 (бір) жұмыс күні;
    3) «Жамбыл облыстық жүре пайда болған иммунтапшылық синдромының алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесі зертханасының жауапты қызметкері қызметті алушының қанын тексергеннен кейін, зерттеу нәтижесін қызметті берушіге жолдайды – орындау уақыты зерттеп-қараудың теріс нәтижесінде – 1 (бір) жұмыс күні. Оң нәтиже болғанда қанды кайта тексеруге жолдайды – орындау уақыты 17 (он жеті) жұмыс күні;
    4) қызмет берушінің басшылығы мемлекеттік қызмет нәтижесін рәсімдейді – орындау уақыты 1 (бір) жұмыс күні;
    5) қызмет берушінің жауапты қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін қызметті алушыға ұсынады – орындау уақыты қызметті алушы қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – зерттеп-қараудың теріс нәтижесінде зерттеп-қараудың теріс нәтижесінде – 3 (үш) жұмыс күні; зерттеп-қараудың оң нәтижесінде – 20 (жиырма) жұмыс күні.
    9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының сипаттамасы осы регламенттің қосымшасынасәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы Жамбыл облысы әкімдігінің zhambyl.gov.kz ресми сайтында және «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің http://densaulyk.zhambyl.kz интернет-ресурсында орналастырылады.