Лаңкестік

Терроризм – бұны әркімнің білуі қажет

Терроризм – бұны әркімнің білуі қажет!

 Тұрғындарға арналған жадынама

Флаерлер

Флаерлер

Теріс ағымдардан сақ болыңыздар

Қазіргі таңда діни сауаттылық тақырыбында жастар арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқанымен, теріс діни ағымдар құрығына түсіп қалғандар қатары азаяр емес. Әсіресе, мектеп жасындағы жасөспірімдер мен лицей мен колледж, жоғары оқу орындарда білім алып жатқан жастар арасына арандатушылық салушылар көп. Сіздерге өзім куә болған жағдайды баяндауды жөн санадым.
Студенттік шақ адам өміріндегі есте қаларлық жайттарға толы болады. Бірінші курста оқып жүргенде топтағы қыздар бір-бірімізбен жақсы араласып, бір отбасының балаларындай болып, сыйластығымыз жарасты. Тобымызда Эльмирда (аты-жөні өзгертіліп жазылды) есімді қыздың өзгелерден ерекшелігі көп болатын. Сыңғырлаған күлкісі өзіне жарасымды еді.  Эльмира өте ашық мінезді, көңілді әрі заманауи үлгідегі сәнді киімдерді ұнататын. Ал, екінші курстың басында шамасы қазан айы болатын. Ол маған хабарласып: – Мен ертең оқуға орамалмен келемін. Не себепті орамал тартып келетінімді ертең кездескенде айтып беремін,-деп қысқа қайырды. Ал мен оның өтініші бойынша топтағы қыздарға жағдайды түсіндірдім. Бұл сөзіме ешкім де қарсы пікір айтпай, үйімізге тарастық. Мен, Эльмира үшін іштей қуанып қалдым. Қыз бала қандай себеппен орамал тартады, әрине, тұрмыс құрған кезде. Демек, Эльмира тұрмысқа шыққан ғой. Бірақ, араласып жүрген жігітінің бар екенін білмеппін. Жас келіншек болғасын күйеуі орамал тартып жүр деген болса, орамалмен келсе несі жаман?!
Келесі күні таңертен, апыл-ғұпыл жиналып оқуға аттандым. Эльмираны коридордан келе жатқанда бірден тани қоймадым. Үстінде тобығына дейін жететін ұзын көйлек, басында хиджап. Бұрын боянып, сәнденіп жүретін қызымызды бұл кейіпте көремін деп ойламаған мен таңданғанымнан аузыма құм құйылғандай ештеңе де айта алмадым. Ол да аяғын сенімсіз басып, тез амандасып аудиторияға кіріп кетті. Сөйлесіп үлгермей қалдық, қоңырау соғылып, лекция басталып кетті. Сабақ біткеннен кейін біз оны ортаға алып, жан-жақтан сұрақтарымызды жаудырып жатырмыз. Оның жауабы қысқаша болды. Тұрмысқа шыққанын, ол үшін еш өкінбейтінін, мұсылманшылыққа бет бұрып, бес уақыт намазға жығылуға дайындалып жүргенін айтты. Осы сұрақты қазбалай бермеңдер деп бізге өтінішін де білдірді. Одан кейін оның мүлдем өзгеріп кеткеніне біздің де көзіміз үйреніп кетті.
Қазіргі таңда құрбыммен анда-санда телефонмен хабарласып тұрамыз. Бүгінде ол үш баланың анасы. Бірақ, жан жарым деп тұрмыс құрған жігіті теріс діни ағымдар қатарында жүріп, заңмен шектеу қойылған кітаптарды қоғамдық орындарда таратқаны үшін осымен екінші рет абақтыға жабылды. Эльмира құрбым бұрынғыша мұсылман баласына парыз болған бес уақыт намазын үзбей оқиды, бірақ, басында мұсылмандық сүннит жолын емес, шеит жолында екенін бірден білмеген. Қазір, оң мен солын танып, мұсылманша сауатын арттырып, білмегенін тек ресми өкілдерден яғни мешіттегі имамдар сұрайтын болды.
Сіздерге бұл оқиғаны жазуымның себебі, ертең не боларын алдын ала кім болжап білген. Дінге қатысты мәселелерге салғырт қарамауға шақырып, түрлі арбауларға түсіп қалмаңыздар дегім келеді. Елімізде Эльмира секілді қателескен жандар қатары көп. Өкінішке орай «қой терісін жамылған қасқыр» секілді мұсылман дінін жамылып, ел арасына ірткі салып жүргендерден жоқ емес, сондай жандардан абай болайық. Отбасында ата-әжелеріміз бен ата-аналарымыз жастайымыздан құлағымызға мұсылман діннің қағидаларын түсіндіріп, ақпарат беріп отырса, шеттен келген теріс ағымдардың ара-жігін ажырата алар ма едік. Мақаланы оқып, өзіңіз ой түйесіздер деген үміттемін!