Республика Казахстан, Тараз
проспект Толе би, 64г (на карте)
aidstaraz@med.mail.kz
Приемная: +7 (7262) 45-65-32
Телефон доверия: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

📍 Тараз политехникалық колледжінде маңызды семинар өтті! Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының мамандары студенттермен кездесті. 🧠 Кездесу барысында жастарға АИТВ (адамның иммун тапшылығы вирусы) туралы толық ақпарат берілді. Мамандар аурудың жұғу жолдары, қорғану тәсілдері, емделу мүмкіндіктері және қоғамдағы стигма мәселелері жөнінде жан-жақты түсіндірді. 🎓 Семинардың мақсаты — жастардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, АИТВ инфекциясының алдын алу маңыздылығын түсіндіру. 🎬 Іс-шара барысында: ақпараттық бүктемелер (буклеттер) таратылды; бейнероликтер көрсетілді; студенттердің сұрақтарына жауап берілді. 💬 Мамандар ЖИТС орталығында АИТВ-ға тегін әрі анонимді түрде тест тапсыруға болатынын ерекше атап өтті. #Жамбылоблысы #ЖИТСорталығы #АИТВалдыналу #Жастарденсаулығы #СенімдіБолашақ #ТаразПолитех #Денсаулық