📍 Жамбыл ауданы Бүгін Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының ұйымдастыруымен жалпы практика дәрігерлері бөлімдерінің меңгеруші орынбасарлары арасында маңызды семинар өтті. 💬 🩺 Кездесудің басты тақырыбы – клиникалық көрсеткіштер бойынша халықты, әсіресе жастарды, АИТВ инфекциясына тестілеумен қамтуды арттыру мәселесі болды. 👩⚕️ Дәрігер эпидемиолог Досымова Индира ханым АИТВ-ның ерте анықталуының маңызы, қауіп топтарындағы профилактикалық шаралар, сондай-ақ жастар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту жолдарын талқылады. 💡 Семинар барысында қатысушылар тәжірибе алмасып, өңірдегі АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша өзекті бағыттарды талқылады. ✨ Іс-шараның мақсаты – жергілікті медицина ұйымдарының жұмысын күшейту, тестілеу ауқымын кеңейту және жастардың денсаулығын қорғауға үлес қосу. ❤️🩹 #ЖамбылЖИТСорталығы #АИТВалдыналу #ЖИТСкеҚарсы #СалауаттыӨмір #ЖамбылАуданы #ДенсаулықСақтау #ТестілеуМаңы