🩺 Жамбыл облысы ЖИТС- орталығының эпидемиолог-дәрігері И. Досымова «Almaz» емханасының мамандарына АИТВ инфекциясының алдын алу тақырыбында семинар өткізді. 📋 Семинар барысында жедел тесттердің есебі мен тіркеу журналы тексеріліп, тиісті бұйрықтармен таныстырылды. Қатысушыларға АИТВ-ның жұғу жолдары, сақтану тәсілдері, және халық арасында ақпараттық жұмыстар жүргізудің маңызы туралы айтылды. 💬 Сондай-ақ жастарды АИТВ туралы ақпараттандыру, жедел тест пен ИФТ талдау тапсыру орындары жөнінде дұрыс түсіндіру мәселелері талқыланды. 🤝 Іс-шара соңында алдағы уақытта өтетін ақпараттық шаралар жайлы пікір алмасылып, бірлескен жоспарлар құрылды. #Жамбылоблысы #Денсаулықсақтау #АИТВ #ЖИТС #Жастарденсаулығы #Almaz #Мейірім