Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Тест тапсыру түрлері

АИТВ-ға тестілеуден өту

Кім және қашан АИТВ-ға тестілеуді өтеді
Қазақстан Республикасы азаматтары және оралмандар ерікті жасырынды және (немесе) құпиялы тексеруге және АИТВ-инфекциясы сұрақтары бойынша ақысыз түрде кеңес алуға құқылы.
Сонымен бірге, АИТВ-инфекциясына міндетті құпиялы медициналық тексеруге жататын саннатты адамдар бар. Бұл қан және оның құрамы, ұлпа және (немесе) мүшелердің (мүше бөліктері), жыныстық клеткалардың донорлары және реципиенттері, АИТВ жұқтыру мүмкіндігіне толыққанды негізі бар тұлғалар, денсаулық сақтау ұйымдарының сұрауларының негізінде, прокуратура, тергеу және сот, сондай ақ клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштері бар адамдар.

   Тексерудің клиникалық көрсеткіштері дегеніміз не?
Мүмкін АИТВ инфекциясын жұқтырған деген немесе иммун тапшылығы бар деген ойына апаратын, оппортунистік деп аталатын аурулар, сондай ақ синдромдар және симптомдар қатары бар. Бұл аурулар АИТВ инфекциясының диагнозының жоқ немесе бар екенінің, міндетті түрде тексерілудің клиникалық көрсеткіштері болып табылады.
Эпидемиологиялық көрсеткіштер болып келесі, анықталған территорияда болған, тұрғындардың жеке топтарының арасында және АИТВ-инфекциясының әр жағдайына эпидемиологиялық тексеру жүргізгендегі жағдайлар. Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойнша тексеруге жататын:

  • АИТВ-жұқтырғандармен немесе ЖИТС-пен ауратындармен жыныстық қатынаста болғандар
  • инъекциялық есірткіні бірігіп қолданғандармен қатынаста болғандар;
  • есірткіні инъекциялық қолданғандар наркологиялық қызметке тіркеуге қойған кезде және әр 6 ай сайын;
  • орынсыз жыныстық қатынасқа түсетіндер, оның ішінде секс қызметкерлері және еркекпен жыныстық қатынасқа түсетін еркектер;
  • тергеу изоляторларға түскендер, қабылдағыш-таратқышқа, түзету мекемелеріне түскен кезде, түскеннен кейін 6 айдан соң, сондай ақ босап шығардың алдында. Одан басқа олар мекемеге келген кезеңде еріктері бойынша тексеріле алады;
  • АИТВ-жұқтырған және ЖИТС-н ауратын аналардан туған балалар;
  • қызметтік міндеттерін орындау барысында апаттық жағдайлардың кесірінен зардап шеккендер, АИТВ-мен кәсіби қатынаста болғандар немесе осындай қатынастың жоғарғы ықтималдығы (жедел жәрдем, төтенше жағдайлар, полиция қызметкерлері және т.с.с.), сексуалдық зорлыққа тап болғандар – медициналық тексеруге бағытталған сәтте және әрі қарай 1 және 3 айдан кейін өтеді;
  • медициналық қызметкерлер, АИТВ-инфицирленген материалдармен жұмыс істейтін қызметке кіріскен сәтте және әрі қарай жылына 1 рет;
  • әскери қызметке шақырылушылар, контракт бойынша қызмет атқаратындар, әскери оқу орындарының абитуриенттері;
  • жүкті әйелдер, жүктілігін сақтауға шешкен әйелдер міндетті түрде 2 рет тексерілуден өтеді:

   1) ә/к тіркеуге тұру кезінде;
2) жүктіліктің 28-30 апта мерзімінде;

  • сондай ақ жүктілігін үзуді қалаған әйелдерде АИТВ-ға міндетті түрде тексеріледі;
  • босану мекемелеріне түскен АИТВ-на 2 рет тексерілу қорытындысы жоқ жүкті әйелдер немесе 1 рет тексерілген, бірақ босануға 3 аптадан көп уақытта түскендер, перзентханада міндетті түрде тексеріледі.

АИТВ-ға зертханалық диагностика қалай өтеді, талдауға қалай дайындалу керек

 АИТВ-инфекциясының бар немесе жоқ екенін тек зертханалық талдау тапсыру арқылы ғана білуге болады, яғни АИТВ-на тестілеу өту арқылы.

АИТВ-ға тестілеу – бұл адамның қанында АИТВ-ға антиденелердің бар болуын зертханалық әдіс арқылы зерттеу. Күрделі талдаулардың көмегімен АИТВ-ң өзі анықталмайды, оған деген жиынтық антиденелер – вирустың кіруінің куәгерлері. Ағзада АИТВ-ға антидене анықтау көлемінде бірден өндірілмейді, вирустың енуінен кейін біраз уақыт өткен соң пайда болады. Антиденелерді табу негізіндегі АИТВ-ға тест, инфекцияның берілуінен кейін 2-3 аптада оң нәтижелі болады, сирек жағдайда ғана бұл кезең 6 айға созылады, орташа 3 ай. Нақты осы кезең уақытында вирустық салмақтың жоғарғы көлемі байқалады, ендеше АИТВ-ң берілуінің жоғары мүмкіндігі бар!
Сондықтан уақытты созбау өте маңызды, өзіңнің АИТВ-статусыңды білу қорқынышын жеңіп шығу.
Бұл үшін тек Сіздің тестілеуден өту шешіміңіз қажет.
Қанның зерттелуі ЖИТС орталығының зертханасында иммун-ферментті талдау әдісімен жүргізіледі (ИФТ). Қанды алу процедурасы ауыртпалықсыз және қауіпсіз.
Қанды алу шынтақ тамырынан арнайы стерилденген вакутейнермен 5мл көлемінде, процедуралық кабинет шартында іске асады.
Қанды таңертең аш қарынға және тамақ ішкеннен кейін тәуліктің кез келген уақытында тапсыруға болады.
Тексерілудің қорытындысы тексерілген адамға жеке тестілеуден кейінгі психоәлеуметтік кеңес барысында хабарланады. Телефон арқылы талдау қорытындылары берілмейді.

Тексеру барысында АИТВ-ны жұқтыруға болама
Өкінішке орай, талдауды тапсыру барысында АИТВ-ны жұқтыру қорқынышы, кей адамдарға өзінің АИТВ-статусын білуге кедергі қоятын тағы бір себеп болып табылады. Көбінде бұл білмегендікпен байланысты.
Медициналық ұйымдарда талдауға қан жинау үшін тек бірреттік құралдар қолданылады. Жоғарыда айтылған, арнайы бірретік стерилденген вакутейнерлер, жабық жүйелі және толықтай қауіпсіз. Қан тапсыру барысында АИТВ-ны жұқтырып алу мүмкін емес.

Кәмелетке толмаған және іс-әрекетке қабілетсіздерді тестілеу
Кәмелетке толмаған және іс-әрекетке қабілетсіз тұлғаларды АИТВ инфекциясының бар болуына куәландыру олардың ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің келісімдерімен жүргізіледі.
Кәмелетке толмаған және іс-әрекетке қабілетсіз адамдарда АИТВ-инфекцияның болуына тексеру нәтижелері олардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне беріледі.

Талдаудың қорытындыларының түсіндірулері 
Егер тексерілудің қорытындысында АИТВ-ға антидене табылмаса, онда, тест қорытындысы – теріс, яғни адам жұқтырмаған, дені сау. Егер тексерілудің қорытындысында АИТВ-ға антидене табылса, онда, тест қорытындысы – оң, яғни адамда АИТВ-инфекциясы бар.
АИТВ-ға антидененің бар болу қорытындысы, АИТВ-ны жұқтырғанына сәйкес, қайта қадағалау үшін жіберілген талдауды, тек Республикалық ЖИТС орталығы зертханасы (Алматы қаласы) береді. Оң қорытынды болған жағдайда білікті медициналық көмек үшін бірден ЖИТС орталығының дәрігер-инфекционистіне жүгіну керек. ЖИТС орталығы дәрігері тексерілушіге АИТВ-инфекциясының оң қорытындысы туралы жазба түрінде хабарлап, өз денсаулығын қорғауды және маңайындағылардың денсаулығын қорғауға бағытталған, сақтану шараларын сақтау қажеттіліктерін, сондай ақ әкімшіліктік және қылмыстық жауапкершіліктен, емделуден жалтару және басқа адамдарға жұқтыру туралы ескертеді. Оны диспансерлеу және емдеудің қажеттілігі сұрақтары шешіледі.
Зерттеу қорытындысының тағы бір варианты, сирек кездесетін- күмәнді. Бұл екі жағдайда болуы мүмкін: адам АИТВ-ны жақында жұқтырса және қарапайым тест-системалармен антидене концентрациясын анықтау үшін жеткіліксіз, немесе АИТВ жоқ болған кезде, бірақ алмасу немесе аутоиммунды сипатты – басқа созылмалы аурулар бар. Күмәнді тексеру қорытындысы болған кезде 1-3 айда қайталайды.

Құпиялықты сақтау және жасырын тестілеу
Азаматтардың медициналық көмекке жүгіну фактілерінің құпиялығы және жасырынды тестілеуі 18.09.2009ж. №193-IV «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» ҚР Кодексі 95 бабы 1 тармағына «Медициналық көмекке жүгіну фактісі, азаматтың денсаулығының жай-күйі, оның ауруының диагнозы туралы ақпарат пен оны зерттеп-қарау және (немесе) емдеу кезінде алынған өзге де мәліметтер дәрігерлік құпияны құрайды» сәйкес кепілдендіріледі. Осы Кодекстың 182 бабы 6 тармақшасына сәйкес медицина қызметкерлері дәрігерлік құпияны сақтауға міндетті.
Экспресс-тестілеу
Қазіргі уақытта экспресс-тестілеу немесе АИТВ-ға антидене бар жоқтығын жылдам анықтайтын әдіс бар. Аталған тестілеуде саусақтың терісін арнайы ине-тұтқамен ауыртпай теседі. Капиллярлық қан тамшысы тест-жолаққа ағызылады, 20 минут ішінде қорытындыны көрсетеді. Бірақ айта кететіні, экспресс тестіледің қорытындылары міндетті түрде ИФТ әдісі арқылы расталуы қажет.

Анықтама-сертификаттың берілуі 
Кейбір мемлекеттер кіруге/визаға рұқсат алуға немесе басқа мақсатта, АИТВ-ның жоқ екенін растайтын сертификат талап етеді. Азаматтарға АИТВ–ның антиденелерге тексерілу қорытындысының терістігін растайтын анықтама-сертификаттың берілуі, жергілікті ЖИТС-н алдын алу және күресу орталықтарында жеке бас құжатын көрсеткен кезде 3 жұмыс күні ішінде тексерілушінің биоматериалдары зертханаға түскен сәттен бастап жүзеге асады. Анықтама-сертификат берілген сәттен 3 ай мерзімінде жарамды.

АИТВ-ға тестілеуді қайда өтуге болады
АИТВ-инфекциясына тестілеуді ЖИТС орталығында мына мекенжайда өтуге болады: Тараз қ. Толе би көшесі, 64г, 9.00 дан 18.00 сағатқа дейін (үзіліс 13.00-14.00, демалыс: сенбі, жексенбі) немесе кезкелген қаладағы басқа медициналық мекемеде.
АИТВ-инфекциясына тексерілушілердің медициналық ұйымдарда қан алу, тексерілушілердің клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштері бойынша іске асады, әріқарай биоматериал сынамасы ЖИТС орталығына жеткізіледі.
ЖИТС орталығында қан алу, АИТВ жұқтыруға шалдығу қауіпі бар, АИТВ-жұқтырғандардың және ЖИТС-пен ауратындар жыныстық серіктестері, есірткіні инъекциялық бірігіп қолданатын серіктестер, анықтама-сертификаттың бар екені талап етілетін тұлғаларға жүзеге асады.