7 желтоқсанда Дүниежүзілік ЖИТС қарсы күрес күніне орай, Жамбыл облысы Байзақ ауданы Қызыл жұлдыз ауылының

Намазбаев Ақшабаев атындағы орта мектебінде Жамбыл облыстық  ЖИТС алдын алу орталығының қызметкерлері жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізді.

Облыстық ЖИТС орталығының алдын алу бөлімінің ұйымдастырушы – дәріскері Жакенова Рахима өткізген  іс-шарасы                 « Өз статусыңды біл» деген ұранмен өтіп, 130 адамның басын қосты. Кең ауқымды іс-шараға дайындық барысында мектеп ұжымы    « Өз статусыңды біл »  жазуы бар баннер жасады.

Кездесу алдында мектеп директордың орынбасары Гулжан Көпжасарова кіріспе сөзін жасады.

Тыңдармандарға Рахима Жакенова дәріс беру барысында Дүниежүзілік ЖИТС қарсы күрес күні,  Жамбыл облыстық  ЖИТС орталығы, ұйымдастырып  жатқан кампания «Өз статусыңды біл»  деген ұранмен өткізіліп тұрғаны туралы айтты. Әр адам ЖИТС орталығының достық кабинетіне барып, өз статусын анықтай алады.

Дәріс берілгеннен кейін, іс-шараға қатысушылар тақырыптық бейне көріп, викторина сұрақтарына жауап берді, алған білімдерін пысықтады. Дұрыс жауап бергендер приздермен марапатталды. Мағыналы кездесу мүдделі әңгімеге ұласты. Оқушылар, ұстаздар,психологтар мен әлеуметтік дәріскерлер  белсенділік көрсетті. Рахима Жакенова көптеген сұрақтарға, оның ішінде АИТВ байланысты кемсіту мен стигма туралы әңгімелеп, нақты фактілерді келтірді. Мектеп оқушылары тек  әңгімеге емес, ойынға да қызығушылық көрсетті.Ойын барысында біреулері АИТВ таралу жолдары туралы айтса, екіншілері АИТВ таралмайтын жолдары туралы  әңгімеледі.

-Осы айлық ішінде қалалық ілім беру мекемелерінде ұйымдастырылған іс-шаралалар жоспарын белгіледік. Ауылдың  да, қаланың да жастары  ЖИТС және АИТВ инфекциясы туралы білімдерін толықтыра отырып, осындай шараларға қатысқандығы қуантады,-деді дәріскер.