Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

№1 қалалық балалар ауруханасындағы семинар

2019 жылдың 25 қазанында №1 Қалалық балалар ауруханасының мәжіліс залында Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының дәрігер-эпидемиологы аурухананың медицина қызметкерлеріне арналған семинар-презентация өткізді.
«Клиникалық және эпидемиологиялық айғақтар бойынша адамдарды АИТВ-инфекциясының бар-жоғына міндетті құпия медициналық тексеру қағидаларын бекіту туралы» ҚР ДСМ және СР 23.06.2015 ж. №508 бұйрығына сәйкес, АИТВ-инфекциясының бар-жоғына клиникалық және эпидемиологиялық ережелер бойынша пациенттерді тексеру мәселелеріне егжей-тегжейлі тоқталды. Сөз сөйлеуші АИТВ-инфекциясына қатысты нормативтік-құқықтық базадағы өзгерістер, жедел араласу алдында тексеру кезіндегі нәтижелердің қолдану мерзімі- 10 күн және т.б. Медициналық манипуляцияларды жүргізу барысында туындауы мүмкін апаттық жағдайлардың үлгілері қарастырылды. Авариялық жағдайдың әрбір түрі үшін тиісті іс-шаралар пысықталды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған