Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Пенитенциарлық жүйедегі акция

2021 жылғы 19 қарашада УЖД 158/7 сотталғандарға және тергеуге қамауға алынғандарға дүниежүзілік ЖИТС қарсы күрес науқанына орайластырылған «АИТВ: әрбірін тыңда» тақырыбында акция өткізілді. Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері Когай Виктор Дүниежүзілік науқанды өткізу мақсаты, ЖИТС күрес символы ретіндегі қызыл лента, Жамбыл облысы бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы қысқаша тоқталды. «Салауатты өлке ЖанНұр» ҮЕҰ директоры Заида Орынбаева АИТВ/ЖИТС және басқа да аурулардың алдын алу шараларын сақтауға тілек білдірді. Акцияға пенитенциарлық жүйенің 5 мекемесі қатысып, плакаттар, концерттік нөмірлер ұсынылды. Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің (ҚАЖД) өкілі Махмудов Құлмұханбет акцияға қатысушылардың барлығына белсенді қатысқаны үшін алғыс білдірді. Байқау жеңімпаздары (1 орын — ТИ, 2 орын — УЖД 158/7, 3 орын — УЖД 158/5) ҮЕҰ сыйлықтарына ие болды, Облыстық ЖИТС орталығынан грамоталармен марапатталды.