Республика Казахстан, Тараз
проспект Толе би, 64г (на карте)
aidstaraz@med.mail.kz
Приемная: +7 (7262) 45-65-32
Телефон доверия: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

ЖИТС орталығының Шу қалалық филиалының ИФА зертханасы АЙТВ ЖИТС індетінің алдын алу мақсатында ЖИТС орталығының бас дәрігері мен оның орынбасарының аудандық емдеу алдын алу ұйымдарына әдістемілік-кеңес көрсету мақсатындағы іс-сапардың қорытындысы бойынша

Алғаш рет Шу қалалық филиалының ИФА зертханасы өз жұмысын 1993 жылы бастаған. Үш ауданның (Шу, Қордай, Мойынқұм) АИТВ сынамаларын жасайды. Бастапқыда 3 адам қызмет атқарған. Жылдан жылға сынамалардың көбеюіне байланысты жұмыс жасайтын адам саны өсті. Қазіргі таңда зертханада 5 адам қызмет етеді. Зертхана меңгерушісі – Алуа Салыкбаева, зертханашы – Гүлмира Сержанова, зертханашы –Гүлзия Мананбаева, эпидемиолог – Талғат Исабеков, мейірбеке – Тлеубике Ибраева.
Қазіргі меңгеруші Салыкбаева А.Ш. жас болсада жақсы басшы ретінде өзін көрсетіп жүр. Ұжымды жақсы жұмылдырып, зертхана бірқалыпты жұмыс істеп жатыр.
Зертханашы Гүлмира Сержанова осы филиал ашылғаннан бастап жұмыс жасап келеді. Өз жұмысын адал атқарғаны үшін Министрліктен және орталықтан түрлі марапат қағаздарын алған.
Зертханашы Гүлзия Мананбаева Облыстық денсаулық сақтау ұйымынан мақтау қағаздарын алған.
Бұл зертханада орта есеппен алғанда аптасына 700-800-ге жуық қан сынамалары жасалады. Бүгінде зертхана ұжымы өте ұйымшыл, өз қызметтерін тиянақты, адал атқарады.