Жамбыл облысы ЖИТС орталығының мамандары №22534 әскери бөлімінің сарбаздарымен кездесті! Кездесу барысында эпидемиолог дәрігер Досымова Индира Мумархановна АИТВ (адам иммун тапшылығы вирусы) туралы жан-жақты ақпарат беріп, дәрісті қазақ және орыс тілдерінде жүргізді. Медбике Молдашева Б. сарбаздардан қан алып, АИТВ-ға экспресс-тест жүргізді. Семинар тақырыптары: 🔹 Аурудың жұғу жолдары 🔹 Қорғану шаралары 🔹 Емделу мүмкіндіктері 🔹 Қоғамдағы стигма мәселелері Кездесу барысында ақпараттық буклеттер таратылып, сарбаздардың сұрақтарына жауап берілді. 📌 Еске саламыз: Жамбыл облысы ЖИТС орталығында АИТВ-ға тегін және анонимді түрде тест тапсыру мүмкіндігі бар! Бұл — өз денсаулығыңызға жауапкершілікпен қараудың алғашқы қадамы! 🩺 #ЖИТСорталығы #АИТВалдыналу #Жамбылоблысы #Тараз #ӘскериБөлім #Семинар #ТегінТест #АнонимдіТест