Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Талас ауданының педагогтарын АИТВ-ның алдын алу мәселелері бойынша оқыту

Өкінішке орай, статистикалық көрсеткіштер ересектерді, жастар мен жасөспірімдерді, тіпті кіші жастағы балаларды да аямайтын АИТВ індетінің залалды әсерін біздің еліміз басынан кешіп отырғанын байқатады. АИТВ мен ЖИТС-ке қарсы дәрі жоқ жағдайда алдын алу білімін беруге үлкен рөл берілетіні белгілі. Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мамандары «Мектеп жағдайында АИТВ-ның алдын алу» тақырыбында Талас ауданының педагогтарына әдістемелік семинар-тренинг өткізді. Семинарға Талас ауданының 35 мектебінің педагогтары, психологтары, әлеуметтік педагогтары қатысты. Семинар облыстық білім беру басқармасымен бірлескен іс-шаралар жоспарының негізінде және аудандық білім беру бөлімінің қолдауымен іске асты.

АИТВ бойынша Талас ауданының медициналық қызметкерлерін оқыту

АИТВ инфекциясы бойынша тұрғындарға кеңес жургізу семинар-тренингі Талас ауданының алғашқы медициналық санитарлық көмек көрсететін медициналық қызметкерлері үшін өткізілді. Осы семинар ЖИТС орталығының және Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасынының Жол картасына сәйкес  орындалған. АИТВ-ның алдын алу бойынша тұрғындарға кеңес берудің негіздерімен ОАЕ, ОДА, ФАП, СП, МП қызметкерлері таныстырылды, тренингте кеңес беру дағдыларын қалыптастыру жұмыстары жүргізілді. АИТВ-ның алдын алу мәселелерін игеру үшін «Қауіп шкаласы» атты тренинг жүргізілді, осы тренинг бойынша медициналық қызметкерлер жұқтыру қаупінің деңгейін ажырату білімін алды.