📍 Тараз қаласы, №4 орта мектеп Бүгін Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының мамандары мектеп оқушыларымен кездесу өткізіп, ақпараттық-түсіндіру семинар ұйымдастырды! 🎓💬 🧠 Іс-шара барысында оқушыларға АИТВ/ЖИТС туралы дұрыс ақпарат, оның жұғу жолдары мен алдын алу шаралары жайлы кеңінен түсіндірілді. 👩⚕️ Мамандар жастармен ашық әңгіме жүргізіп, салауатты өмір салты, жеке гигиена және жауапты мінез-құлықтың маңызы туралы айтты. 📚 Оқушыларға ақпараттық буклеттер мен парақшалар таратылып, олардың сұрақтарына толық жауап берілді. 🌈 Мақсат – жастардың денсаулыққа деген жауапкершілігін арттыру және АИТВ инфекциясының алдын алу! 💪 ✨ #ЖамбылЖИТСорталығы #АИТВалдыналу #ЖИТСкеҚарсы #СалауаттыӨмір #ЖастарБолашағымыз