Тараз қаласындағы №2 қалалық емхана жанынан құрылған «Жан-Нұр» Жастар денсаулық орталығында медицина қызметкерлеріне арналған семинар ұйымдастырылды. Шараны Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының эпидемиологы И.Досымова жүргізді.
Семинар барысында қатысушылар АИТВ-ның таралуының алдын алу шаралары, қазіргі эпидемиологиялық ахуал, медицина қызметкерлерінің жұқтыру қаупі және байланыстан кейін қолданылатын сақтық амалдары жайында жан-жақты ақпарат алды. Сонымен қатар, И.Досымова орталықтың соңғы алты айда атқарған жұмыстары мен профилактикалық бағыттағы жұмыстарын қарады.
Кездесу аясында жастармен нәтижелі жұмыс істеу әдістері, ақпараттық-түсіндіру ісінің тиімділігін арттыру жолдары және ЖИТС-пен күрестегі тәсілдер кеңінен талқыланды. Қатысушылар өз тәжірибелерін ортаға салып, кәсіби дағдыларын жетілдіру мүмкіндігіне ие болды.