Бүгін, 2023 жылғы 11 тамызда 2-ші қалалық емхана негізінде облыстың денсаулық сақтау басқармасы бекіткен 2023 жылға арналған инфекциялардың алдын алу және инфекциялық бақылаудың өзекті мәселелері бойынша мамандарды оқыту бойынша жұмыстарды жүргізудің бірлескен жоспарына сәйкес медициналық конференция өткізілді.
Конференция аясында Жамбыл облыстық ЖИТС орталығынан АИТВ-инфекциясын қадағалау бөлімінің меңгерушісі И.И. Дегтерева сөз сөйледі. Оның баяндамасының тақырыбы: «АИТВ/ЖИТС алдын алу саласындағы қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілер».
Конференцияға Жамбыл облысының барлық емдеу-алдын алу ұйымдарының өкілдері қатысты.