Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Спорттық іс-шарада АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша ақпараттық жұмыс жүргізілді

Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында алын белбеу күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Іс-шара барысында Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мамандары Г. Иманбаева, С.Сугирбекова, М. Момынтаева қатысушылар мен көрермендер арасында АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Мамандар 80-нен астам ақпараттық бүктеме таратып, АИТВ инфекциясының алдын алу, жұғу жолдары және өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың маңыздылығы туралы ақпарат ұсынды.

Болашақ колледжінің студенттеріне аитв инфекциясының алдын алу бойынша ақпарат берілдімедициналық колледж студенттеріне аитв инфекциясының алдын алу жолдары түсіндірілді

Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының мамандары Г.Иманбаева және Э.Ибрагимова «Болашақ» колледжінің студенттерімен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында жастарға АИТВ инфекциясының таралу жолдары, алдын алу шаралары, АИТВ-ға уақтылы тестілеуден өтудің маңыздылығы туралы түсіндірме берілді.
Сонымен қатар студенттерге АИТВ инфекциясының алдын алуға бағытталған ақпараттық бүктемелер таратылды.

Орталық қызметкерлеріне арналған жиналыс өтті

Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жүргізу орталығының мәжіліс залында қызметкерлерге арналған жиналыс өтті.
Жиынды Профилактикалық алдын алу бөлімінің меңгерушісі Т. Тайчибеков ашып, алдағы эпидемиялық маусым кезеңінде сақтық шараларын күшейтудің және санитариялық талаптарды қатаң сақтаудың маңыздылығына тоқталды.
Жиын барысында инфекциялық бақылау медбикесі А. Базарбай тұмау және жіті респираторлық вирустық инфекциялардың (ЖРВИ) алдын алу мәселелері бойынша ақпарат берді. Атап айтқанда, 2026–2027 жылдардағы эпидемиялық маусымға арналған санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар туралы түсіндіріп, тиісті қаулы талаптарымен таныстырды.
Сондай-ақ бас мейіргер Л. Сатмаханова аталған бағыттағы алдын алу шараларын толықтырып, қызметкерлердің денсаулығын сақтау, инфекцияның таралуының алдын алу және жұмыс орнында санитариялық талаптарды сақтау бойынша бірқатар маңызды мәселелерге назар аударды.
Жиын соңында қызметкерлер санитариялық-эпидемиологиялық талаптармен танысып, алдағы эпидемиялық маусымда атқарылатын профилактикалық іс-шараларды талқылады.
Сонымен қатар Орталық қызметкерлерінің мерейлі жасқа толуына байланысты арнайы құрмет көрсетіліп, еңбегі мен қызметтегі белсенділігі үшін естелік сыйлықтар мен Алғыс хаттар табысталды.

АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша ақпараттық бүктемелер таратылды

Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының медбикелері В. Мартынова және Б.Салменбаева Тараз қаласындағы Қ.Рысқұлбеков атынлағы саябақта тұрғындар арасында АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Шара барысында тұрғындарға АИТВ инфекциясының берілу жолдары, одан қорғану тәсілдері және уақтылы тексеруден өтудің маңыздылығы туралы ақпарат берілді.
Мамандар азаматтарды өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, АИТВ инфекциясының алдын алу шараларын сақтауға шақырды.

ҮЕҰ өкілдерімен бірлескен кеңес өтті

Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығында АИТВ инфекциясының алдын алу және анықтау бағытындағы жұмыстардың нәтижелерін талқылауға арналған бірлескен кеңес өтті.
Кеңеске орталықтың бөлім меңгерушілері мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
Кездесу барысында жыл басынан бері атқарылған жұмыстар сараланып, нысаналы топтармен жүргізілген профилактикалық іс-шаралардың нәтижелері талқыланды.
Сонымен қатар, ҮЕҰ-мен өзара іс-қимылды одан әрі күшейту, АИТВ инфекциясын ерте анықтау, тестілеу тиімділігін арттыру және алдағы кезеңдегі жұмыс бағыттарын жетілдіру мәселелері қаралды.
Кеңес қорытындысы бойынша алдағы кезеңге нақты міндеттер айқындалып, жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берілді.

Саналы таңдау – жауапты өмірдің бастауы

Кейде адам өміріндегі ең маңызды сұрақтар өте қарапайым болып келеді:
«Мен қандай адам болғым келеді?»
«Менің бүгінгі таңдауым ертеңгі өміріме қалай әсер етеді?»
«Мен өзіме, отбасыма және қоғамға қаншалықты жауаптымын?»
Осы және басқа да маңызды мәселелер «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығы» КМҚК ұжымымен өткен кездесуде кеңінен талқыланды.
Кездесуді «Сенімен Болашақ» РҚБ Жамбыл облысы бойынша филиалының басшысы Дәурен Орайұлы Бағжанов өткізді.
Әңгіме тек кәсіби жауапкершілікпен шектелген жоқ. Адамның қызметіне деген көзқарасы, отбасындағы жауапкершілігі, жеке өмірдегі таңдауы мен ұстанымы — барлығы бір-бірімен тығыз байланысты екені сөз болды.
Құндылық дегеніміз – сөзбен айтылатын ұғым ғана емес. Құндылық – күнделікті таңдаудан көрінетін өмірлік ұстаным.
Әсіресе өскелең ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән берілді. Баланы дұрыс таңдау жасауға үйрету – оған дайын жауап беру емес, әрбір әрекеттің салдарын түсінуге, өз шешімі үшін жауап бере білуге тәрбиелеу.
Өйткені бала бүгінгі ортасынан, ата-анасының ісінен, үлкендердің өмір салтынан үлгі алады.
Еркін форматта өткен кездесуде қатысушылар белсенділік танытып, өз пікірлерін ашық білдірді. Әңгіме өзара сұрақтар, пікір алмасу және өмірлік мысалдар арқылы өрбіді.
Біздің әрқайсымыздың таңдауымыз – тек өз өмірімізге ғана емес, айналамыздағы адамдарға да әсер етеді.
Саналы таңдау жасайтын ұрпақ тәрбиелеу – бүгіннен басталатын ортақ жауапкершілік.

«Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік өтізілді

Бүгін, 19 қыркүйек күні Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының барлық қызметкерлерінің қатысуымен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылды.
Сенбілік барысында орталықтың аумағы мен айналасына тазалық жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, жиналған қоқыстар тазаланып, арамшөптер мен қураған шөптер шабылып, аумақ ретке келтірілді.
Қоршаған ортаның тазалығын сақтау, туған жерді көркейту және экологиялық мәдениетті қалыптастыру – баршамызға ортақ міндет.
Тазалық – әрқайсымыздың ортақ жауапкершілігіміз!

Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамына АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша семинар өтті

2026 жылғы 17 қыркүйек күні Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамына арналған «АИТВ-инфекциясының алдын алу: әр адам білуге тиіс маңызды мәліметтер» тақырыбында семинар өткізілді.
Іс-шара Тараз қаласы, Төле би көшесі, 23Б мекен-жайында орналасқан «Достық үйі» ғимаратының Конгресс-холл залында өтті.
Семинар барысында Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының дәрігер-эпидемиологы Дулатбаева Сара Шадиярбековна АИТВ инфекциясының алдын алу, жұғу жолдары, қорғану тәсілдері, уақтылы тексерілудің маңыздылығы және ем қабылдау мүмкіндіктері туралы дәріс оқыды. Қатысушыларға АИТВ инфекциясына тексерілу, оның ішінде ИФТ зерттеуі мен жедел тестілеуден өту мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді. Тексерілу және қажетті медициналық қызметтер Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде жүргізілетіні түсіндірілді.
Семинар аясында орталықтың медбикелері Б. Салменбаева, В. Мартынова және Н. Бейсетаева өз еркімен ниет білдірген қатысушыларға АИТВ-ға жедел тестілеу жүргізді.
Ал орталық психологы А. Талапбек қатысушыларға АИТВ инфекциясының алдын алуға арналған ақпараттық бүктемелер таратты.

«MART» сауда және ойын-сауық орталығында түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының медбикелері А. Никулина және А. Кокибаева Тараз қаласындағы «MART» сауда және ойын-сауық орталығының 1-қабатына кіреберіс бөлігінде тұрғындар арасында АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Шара барысында тұрғындарға АИТВ инфекциясының берілу жолдары, алдын алу тәсілдері және уақтылы тексеруден өтудің маңыздылығы туралы ақпарат берілді.
Мамандар азаматтарды өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, АИТВ инфекциясының алдын алу шараларын сақтауға және денсаулыққа қатысты қажетті тексерулерден уақтылы өтуге шақырды.

Политехникалық колледж студенттерімен АИТВ инфекциясының алдын алу жолдары түсіндірілді

Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының медбикелері Нұргүл Бейсетаева мен Нұрдана Тоғанбай Политехникалық колледж студенттерімен АИТВ инфекциясының алдын алу бағытында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында жастарға АИТВ инфекциясының берілу жолдары, одан сақтанудың тиімді тәсілдері, қауіпсіз мінез-құлық қағидалары және жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу шаралары туралы маңызды ақпарат берілді.
Сонымен қатар студенттерге АИТВ инфекциясының алдын алуға бағытталған ақпараттық бүктемелер таратылып, салауатты өмір салтын ұстанудың және өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың маңыздылығы атап өтілді.