Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығында АИТВ-инфекциясына жауапты медицина қызметкерлеріне арналған дәстүрлі облыстық семинар болып өтті. Биылғы жылы оған облыстық БМСК мен ЕҰ медицина қызметкерлері ғана емес, сонымен қатар Жамбыл облысының ІІД қызметкерлері мен Қоғамдық денсаулықты қорғау департаментінің мамандары да қатысты.
Дәстүрлі облыстық семинардың тақырыбы жылдан жылға өзгеріп отырғанмен, медицина қызметкерлерінің арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселесі өзгермейді.
Облыстық ЖИТС орталығы алдын алу бөлімінің меңгерушісі Ғалия Садыбекованың айтуы бойынша Денсаулық сақтау Министрлігінің бұйрығына сәйкес бүгінгі таңда әрбір медициналық мекемеде АИТВ мен ЖИТС-ке жауапты тұлға тағайындалып, бірқатар міндеттемелер жүктелген.
Семинар барысында теориялық та, тәжірибелік те мәселелер талқыланды, онда өңірдегі эпидемиологиялық жағдай, медицина қызметкерлерінің арасындағы науқаспен байланыстан кейінгі, донорлық қан құю, қан алу және жеткізу кезінде алдын алу шараларыталқыланды. Сонымен қатар жыл қорытындысы шығарылып, атқарылған жұмыстарға талдау жасалып, орын алған кемшіліктер талқыланып, сәйкес ұсынымдар ұсынылды. Қорытындысында алдағы жылға қойылған жалпы міндеттер жобасы өңделді.
– Облыстық орталық жыл сайын мәнді де, мағыналы семинарлар өткізіп, жаңа ақпараттар беріп тұрады, – деді № 6 қалалық емхананың эпидемиолог-дәрігері Юлия Вышпольская. –Ол аяқталған соң біз өз мекемеміздегі жұмыс орындарымызда оқыту әдістері бойынша түсіндірмелік семинарлар өткіземіз. Бұл медицина қызметкерлерінің үнемі сақтықта болуы үшін аса маңызды. Әрине, ЖИТС орталығының мамандары кез келген уақытта кез келген мәселенің шешімін тауып, өзекті сұрақтарға толық жауап беруге дайын.