15 қыркүйекте Астанада Тәуелсіздік даңғылы, 54, Қазақстан Республикасы Ұлттық мұражайында «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ» республикалық патриоттық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Байқауды ұйымдастырушы: «Bilim-orkenieti» Ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы.
Қазақстан Республикасының барлық облыстарынан 117 адам байқау жеңімпаздары атанды.
Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының бас дәрігерінің орынбасары Орынкүл Жетесқызы осы байқаудың жеңімпазы атанып, «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау саласының үздігі» орденімен марапатталды.
Орынкүл Жетесқызы 1999 жылдан бастап Жамбыл облыстық ЖИТС орталығында, 2003 жылдан бастап эпидемиологиялық мәселелері бойынша бас дәрігердің орынбасары қызметін атқаруда.
Бүгінгі күнге О.Ж. Абдикеримова келесі марапаттарға ие болған: «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Тәуелсіздікке 25 жыл», «Тәуелсіздікке 30 жыл» және «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін».