2023 жылдың 14 қарашасында Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының дәрігер-эпидемиологы А.С.Цзи Назарбаев Зияткерлік мектебінде АИТВ/ЖИТС жеке алдын алу тақырыбында дәріс оқыды. Психологиялық аспектіде келесі мәселелерге ерекше назар аударылды: жеке жауапкершілік, деструктивті (нашақорлық, азғындық) мінез-құлыққа қарсы өзін-өзі дамыту, білімділік.