Жамбыл облыстық онкология және хирургия көпсалалы орталығында облыстық ЖИТС орталығының мамандары АИТВ-инфекциясының эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің эпидемиолог дәрігері Г. Т. Ахметова, профилактикалық бөлімнің эпидемиолог дәрігері С. А. Кетпенбаев, зертхананың ИФА маманы Б. М. Жапанова семинар өткізді.
Семинарға қатысушылар Қазақстан Республикасында және Жамбыл облысында АИТВ-инфекциясының таралу деңгейімен, жаңа нормативтік-құқықтық базамен, 113.4 коды бойынша клиникалық көрсеткіштерді тексеру, АИТВ-10-ға сәйкес диагнозды белгілеу, АИТВ-ға тексерілуі тиіс контингенттермен танысу, сондай-ақ АИТВ/ЖИТС профилактикасы туралы ақпаратпен танысты.
Семинардың негізгі мақсаты – АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша ақпараттандыру, алдын алу шараларын күшейту және жұртшылықты осы тақырыпта оқыту.
Жиында облыстық және республикалық деңгейде АИТВ/ЖИТС бойынша эпидемиологиялық жағдай, нормативтік құқықтық актілер, АИТВ-инфекциясының бар-жоғын клиникалық тексерулер, Жамбыл ЖИТС ОО зертханасына АИТВ-ға ИФТ зерттеуге биоматериалды алу, сақтау, тасымалдау және жеткізу қағидалары туралы айтылды. Сонымен қатар, семинарда АИТВ-инфекциясына жедел тестілеу жүргізу әдістемесін оқыту мәселелері қарастырылып, қатысушылардан сұрақтар қабылданды.
Мұндай семинарлар алдын алу шараларын тиімді жүзеге асыруға және жұртшылықты ақпараттандыруға септігін тигізеді.