Жамбыл облыстық ЖИТС орталығында Тараз қаласының емханалары мен аудандық окруктердің Нарколог дәрігерлері мен медбикелеріне семинар өткізілді 📍 Семинар: ИЕТ тұлғаларын АИТВ-ға міндетті құпия медициналық тексеру Психикалық денсаулық сақтау саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда инъекциялық есірткі қолданатын адамдарды (ИЕТ) АИТВ инфекциясына міндетті түрде және құпия түрде тексеру бойынша семинар өткізілді. 🔹 Семинар ҚР ДСМ-нің 2020 жылғы 27 қарашадағы №ҚР ДСМ-211/2020 және 2022 жылғы 26 қаңтардағы №ҚР ДСМ-6 бұйрықтарына сәйкес ұйымдастырылды. 📌 Семинар аясында баяндама жасағандар: ▪️ Ахметова Г.Т. – АИТВ инфекциясын эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің меңгерушісі. ➡️ ИЕТ тұлғаларын АИТВ-ға міндетті құпия тексеру тәртібін түсіндірді. ▪️ Иргебаева А.У. – эпидемиолог-дәрігер. ➡️ АИТВ кодтарын қате тағайындау жағдайларын талдап, слайд арқылы түсіндіріп, сұрақтарға жауап берді. ▪️ Малимов А.А. – клиникалық-диагностикалық зертхана меңгерушісінің міндетін атқарушы. ➡️ Зертханалық талдау жүргізу тәртібіне тоқталды. 📊 Семинар интерактивті форматта өтіп, қатысушыларға өзекті ақпарат ұсынылды, сұрақ-жауап алмасу болды. 🧬 АИТВ – ерте анықталса, алдын алуға болатын инфекция. Құпиялылық пен сапалы тексеру – басты қағидада! #АИТВ #ИЕТ #МедициналықТексеру #Семинар2025 #ҚоғамдықДенсаулық #HIVKazakhstan #АхметоваГТ #ИргебаеваАУ #МалимовАА #ДенсаулықСақтау